-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістанда әкімнің балалары қоғамға ортақ стадионды жекеменшікке айналдырып алған

    «Стадионның өзін сатып жіберді!» Жергілікті әкім-қараларға қапаланған қарапайым халық араша сұрап отыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

    «Бұқаралық спортты дамытуға деп қойған елімізде стадиондардың өзі сатылып жатса, ертең мүрде-қорымдарды да байшыкештер ала берсін, басқа не қалды, — дейді ашынған жұрт.

    Расында, бұрынғы әкімнің балалары қоғамдық жерді қалай алды? Мұнда бармақ басты, көз қысты әрекеттер болуы мүмкін бе? Жергілікті тілшіміз түңілген елдің проблемасына үңілген еді.

    Қалтасы қалыңдар алып кете беруі керек та, мына қарапайым халық қарап отыруы керек пе, сонда?

    Бірлік шағынауданы тұрғындарының ауылдың бұрынғы әкіміне деген өкпесі қара қазандай. Өйткені, осындағы жалғыз спорт алаңын шенеунік өзінің туыстарына меншіктеп берді, дейді.

    Тайыр Абдуалиев, «Бірлік» шағынауданының тұрғыны:

    «Неге мына қарапайым алмаған, мен алмағанмын. 6-7 балам бар. Бір учаске бер деп барып, учаске ала алмағанмын өзім. Спорт алаңы деген картада көрсетіліп тұр. Соған именно әкімнің балдарына госактіні қандай жолмен істеді? Соның ақиқатын айтып бізге жауап берсін».

    Спорт алаңының сатылып кеткенін де жұрт жақында ғана білген. Әдеттегіше ауыл жастары өзара ақша жинап, стадионның айналасын қоршай бастайды. Сонда ғана жердің қағаз жүзіндегі иелері келіп, шу шығарған.

    Фарух Миргалиев, «Бірлік» шағынауданының тұрғыны:

    «Бірде-бір стадион жоқ. Қасымыздағы Қарашық стадион тұр. Коммуналка стадионы тұр. Қызылжолдың стадионы тұр. Именно Бірліктікі жоқ стадионы. Енді толька мазаратты да алып қойсын, учаскі қылып, сомен болды ештеңе қалмайды».

    Халықтың өтінішін арқалап, әкімдіктегілерге бардық. Мамандардың айтқаны ол жерлер Қарашық ауылдық әкімдігі Түркістан қаласына қосылмай тұрғанда жекенің құзырына өткен екен. Қазірде аталған стадионның аумағындағы 5 жер учаскесінің 2-еуінің заңсыз берілгендігі анықталыпты. Қалған 3-уі тексеріліп жатқан көрінеді.

    Нариман Қасымбеков, Түркістан қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

    «Қазір мұрағатқа ресми хаттарды жолдап, тиісті құжаттардың бәрін жинап жатыр. Сол жылдары қалай бөліну тәртібін. Қандай да бір кемшіліктер анықталатын болса, сотқа беріліп, қаулылар заңсыз деп танылуға жатады. Ал, егер дұрыс рәсімделген болса, ол жерлерді мемлекеттің мұқтаждығына алуға жұмыс жасаймыз».

    Түркістан қаласын түлету жұмыстарына облыстағы әр аудан жауапты ретінде бекітілген болатын. Тиісінше, жердің құжаттары реттелісімен осы маңда Жетісай ауданы бюджеті есебінен заманауи спорт алаңын салу жоспарланған, дейді әкімдіктегілер.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

    Фариза

    Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды

    Фариза

    Полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.