26.7 C
Алматы
Воскресенье, 8 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    COVID-19: Қызылордада шектеу шаралары күшейтілді

    Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін жаңа шектеулер енгізілді.

    Атап айтқанда, облыстағы «Қамбаш» демалыс орнының жұмысы тоқтатылды.

    Бұдан бөлек, балалар сауықтыру лагерлерін іске қосу мерзімі кейінге шегеріліп, ұжымдық, жанұялық (туған күн, дәстүрлік, әдет-ғұрыптық шаралар, т.б.) жиындарға, оларды мейрамханаларда өткізуге тыйым салу жалғаса түспек.

    Сондай-ақ, компьютерлік клубтар, мото және лото конторалар, бильярд клубтары, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға алу қызметі, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының қызметіне шектеу жалғасуда.

    Санитарлық талаптардың сақталуы мобильдік топтардың рейдтері мен полиция қызметінің, әскери бөлімдердің сарбаздарын тарта отырып патрульдеу арқылы күшейтіліп отыр.

    Айта кетейік, бүгінгі күні облыста санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 2 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хатталамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданған.

    Сонымен қатар, емдеу мекемелері бойынша аурудың күрт өсуіне соқтырған нысандар бойынша 13 медицина қызметкеріне айыппұлдар салынып, бір материал экономикалық сотқа жолданды.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова облыстық тамыз кеңесіне қатысып, білім мәселелерін талқылады

    Фариза

    15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойыла ма?

    Фариза

    Қызылорда облысында 148 талапкер әкім грантын иеленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.