Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында егін егу жұмыстары 10 маусымға дейін толық аяқталады

    Биыл Қызылорда облыс бойынша 183,1 мың гектар жерге егiн егу жоспарланған.

    Оның ішінде, дәндi дақылдар 95,7 мың, майлы дақылдар 6,0 мың, малазықтық дақылдар 61,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектар.

    Ал, негізгі дақыл күрiштің көлемі 88,2 мың гектар. Осы уақытта алқаптардағы 86 989 гектарға дән себіліп, 86 989 гектар егіс толық суға бастырылған.

    Қазіргі таңда, ерте егілетін дақылдар жаздық бидай, арпа, сұлы, мақсары, қант құмайы толығымен орналастырылған.

    Сонымен қатар, картоп, көкөніс, бақша және басқа да дақылдарды егу жұмыстары аяқталуға жақын. Атап айтқанда, бүгінгі күні 3,5 мың га картоп, 4,7 мың га көкөніс, 6,9 мың га бақша, 927 га сүрлемдік жүгері, 155 гектарға тары, 65 га малазықтық асқабақ егілген.

    Қазіргі уақытта шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылының 1-ші орымын жинауға кірісіп кетті. Күтімге алынған 42,2 мың га ескі жоңышқаның 3,2 мың га тұқымға қалдырылса, орылуға тиісті 38,9 мың га жоңышқаның 11,5 мың га орақ түсті.

    Сондай-ақ, малазығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

    қатысты посттар

    Қазақстанда жыл соңына дейін ет пен жұмыртқа бағасының өсуі күтілуде

    Фариза

    «СК-Фармация» 159 млн теңгеге алған дәрілердің мерзімі өтіп кеткен

    Фариза

    Қазақ қызын шешіндірген атышулы Назар Роллан бұл жолы өзі киімсіз қалды (видео)

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.