-0.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА ФОРМАТТА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде бүгін Шымкент қаласында «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта қайта ашылды.

    Бұл жоба кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда нишалық жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы, тауарды жылжыту, инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылады. Сонымен қатар, мұнда бастауыш кәсіпкерлерге «Бизнес-мектеп», «Бастау-бизнес» оқыту бағдарламалары бойынша кәсіпкерліктің негізі оқытылады.

    Ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі экономикалық жағдайды жақсарту бойынша қабылданған антикризистік шаралар өз жемісін беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, бағдарламада межеленген микроқаржы ұйымын құрып, жеңілдетілген несие, нишалық жобалар мен «егістіктен дүкен сөресіне дейін» және мемлекеттік бағдарламалардың бүкіл мүмкіндіктерін барынша қолдануды айтты.
    Іс-шара барысында сөз алған Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласында жыл соңына дейін жалпы
    29,5 млрд. теңге игеру жоспарланғанын атап өтті.

    «Бағдарлама аясында нишалық жобаларды іске асыру қолға алынып жатыр. Қазіргі таңда, кәсіпорындармен осы нишалық жобалардың тізімін жасақтау үстіндеміз. Бүгінде 80-нен астам нишалық жобалар жасақталды. Осының аясында, біз импорт алмастыруды қамтамасыз етіп, 400 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып, 100 жаңа тауардың түрін және жаңа 30 кәсіпорын ашуды көздеп отырмыз. Бұл бастаманы іске асыру мақсатында құрылып жатқан Микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландыруды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, Микроқаржы ұйымы «Еңбек» бағдарламасы аясында бөлініп жатқан қаржыларды да игеруге ықпалын тигізеді»,-деді Нұрлан Қабиштаев.
    Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарында «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобалары іске қосылатын болады. Бұл ретте түркістандық шаруалармен өндірілетін тауарларды өткізу нарығының бірден бір нүктесі Шымкент қаласы болып табылмақ. Түркістан облысында өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерін Шымкент қаласында қайта өңдеп, фасовка және упаковка жасау арқылы тамақ өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға, өзіндік қосалқы шаруашылықтың (ЛПХ) көлеңкелі экономикадан шығуына және қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПТЕН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН «ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫ» ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

    Фариза

    ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Жамбыл облысы Талас ауданында 146 мың тоннаға жуық мал азығы дайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.