4 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Саунадағы атышулы видеодағы сот пен прокурор қатысты комиссия қорытындысы жарияланды

    «Саунадағы атышулы видеодағы Кербұлақ аудандық сотының судьясы Д.Сейтов расында сот этикасын бұзды» деп растады Жоғарғы Сот zakon.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Мамыр айының басында әлеуметтік желіде арасында Алматы облысындағы аудандық соттың төрағасы да бар саунада демалып жатқандардың атышулы видеосы тарай бастады.

    «ОПГ-шниктер, біз тек Астана мен Алматыда демалады деп ойламаңыздар. Біз де Сарыөзектің қиырында демаламыз. (…) Тіпті, колхозда тұрсақ та жақсылап демалуды білеміз, — дейді видео авторы.

    Видеода сот төрағасынан бөлек тағы төрт ер адам бар, оның бірі — прокурор Саян Шалғымбаев. Видео жарияланғаннан кейін ол жұмыстан босатылды. Ал Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов ішкі аудит жүргізу кезінде Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.Сейітовтің жұмысын тоқтатты. Судьялардың әдеп жөніндегі комиссиясы судьяның моншада болған оқиғасына қатысты тексеру жүргізді.

    Комиссия ұсынылған материалдары қарап шықты. Комиссия Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д.З. Сейітовтың судья әдебі кодексін бұзғанын анықтады. Сейітовтің ісі Алматы облыстық сотының жалпы отырысына қарау үшін жолданды, делінген хабарламада.

    Бұдан әрі Жоғарғы Соттағылар судьялардың тәртіптік жауапкершілікке қалай тартылатынын және жағымсыз себептермен қандай жағдайда жұмыстан шығарылатынын түсіндірді. Бұл процесс бірнеше саты бойынша жүреді.

    Біріншіден, Судьялардың әдеп жөніндегі комиссиясы сот этикасында қандай-да бір заңбұзушылықтың бар-жоғын тексереді және қорытынды жасайды. Егер комиссия тәртіп бұзушылықтарды анықтаса, облыстық соттың барлық судьяларының қатысуымен жалпы отырыс өткізіледі. Онда олар судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы Сот алқасына жіберу мәселесін жасырын дауыс беру арқылы шешеді.

    Сонымен бірге судья Судьялар алқасының Жоғарғы Сот Кеңесінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешіміне шағымдануға құқылы және тек осыдан кейін Жоғарғы Сот Кеңесі түпкілікті шешім қабылдауға құқылы.

    қатысты посттар

    Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды 

    Бір топ ақын-жазушы Тоқаевқа хат жазып, диссидент Арон Атабекті босатуды сұрады

    Фариза

    Желіде қапшағайлық дөрекі полицейдің видеосы талқыланып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.