-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық? — Айгүл Орынбек

    Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласында жуырда ғана жарық көрген «Жезөкше» атты видео роликке байланысты пікір білдірді. Ол Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне аталған видео роликтің таралуына қалайша жол бергенін сұрап, мәселе киімде емес деп жауап берді.  Qazweek.kz ақпарат агенттігі заңгердің жазбасын өзгеріссіз назарларыңызға ұсынады.
    Иман шүберекте емес, жүректе!
    Нәпсіңе ие бола алмасаң сені ешқандай шүберек тоқтата алмайды. Қызды скотчтап қойсаңда, зорлық жасағысы келген еркек жасайды. Қазақстанда талақ құрбандары өте көп. Алты рет неке қиған, бірінен талақ алып екіншісімен неке қидырып, бір-біріне сыйланып жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық? Тек киімінде ме?
    Қолына қару ұстаған адам, адам өлтіре алмауы мүмкін. Қолына қару ұстамай ақ адам өлтіретіндер бар. Киім киіп иманды болып көрініп жүз жігітті суғарып жүргендер бар.
    Ашық киініп арына ие болып жүрген қыздар да бар. Мәселе киімде емес, Шымкент Жастар орталығы сәләфиттер ордасына айналған ба? Астыртын кімдердің идеологиясын жүргізіп отыр? Қалайша бұндай роликтің шығуына жол берген? Жастарға не тәрбие беріп жатсыңдар?
    Ертең кез келген миы уланған жас, көшеден көлікке қызды отырғызып алып, осылай қорқытып үркітіп, ұрып соқса ше? Кім жауап береді?
    Мұхамеджан Тазабектің өңірлерді аралап, жастарға лекция оқығанынан қорқып едім. Міне нәтижесін беріп жатыр. Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мына видео роликтің таралуына қалайша жол бердіңіздер?

    қатысты посттар

    АРАНДАТУ АЛҒА БАСПАДЫ: «Шымкент лагерінде» тұтқындарды ұру фактілері расталмады

    Фариза

    Екі миллион теңге дауы: Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің жартысынан астамына өтемақы төленбейді

    Фариза

    «Қазақтың қанын мойыныма алғым келмейді…» қамаудағы Ринаттың xалыққа айтқаны (видео)

    Пікір қалдыру

    13 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.