Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    CОVID-19: Қызылордада жаңа шектеулер енгізіледі

    Маусым айынан бастап Қызылордада да карантиндік талаптарды жеңілдетудің алтыншы кезеңі іске қосылды.

    Осыған сәйкес бірқатар ұйымдар өз қызметін қайта жандандырып, бұрын іске қосылғандарының жұмыс уақыты ұзартылды. Шектеу шаралары жеңілдетілгелі өңірде CОVID-19 жұқтыру деңгейінің өскені байқалады. Аймақ бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500-ге жетіп қалды. Науқастардың басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр. Қалыптасқан жағдайға орай эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша жаңа шектеулер енгізілмек. Мәселен, қазірдің өзінде «Қамбаш» демалыс аумағы мен жазғы балалар лагерьлерінің ашылуы кейінге шегерілді.

    – Бүгінгі күні Қызылорда облысында эпидемиялогиялық ахуал тұрақсыз деп бағаланады. Сол себептен аймақ тұрғындары сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, қорғаныс құралдарын үнемі пайдалану қажет. Расында тұрғындар арасында бетпердле тақпау жағдайлары кездеседі. Осы мәселеге орай тиісті органдармен шаралар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, жергілікті атқарушы органдармен бірге біздің сала мамандары, полиция қызметкерлері және «Атамекен» Кәсіпкерлік палатасының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен біріккен мониторингтік топтар жұмыстарын жалғастыруда. Бұл топ бойынша күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыста полиция қызметкерлері мен сарбаздардың патрульдік жұмыстары күшейтілді. Себебі соңғы аптада аймақтағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейден бірнеше есеге жоғары болды. Сол себептен біз күшейтілген ережеге көшуге мәжбүр болып отырмыз, – дейді Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

    қатысты посттар

    20 шілдеде Алматыда сауда орталықтары, базарлар қалай жұмыс істейді?

    Фариза

    Жол полициясы жол үстінде жүкті әйелді босандырып алды (видео)

    Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық барысы бақылауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.