-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда баспанаға мұқтаж 2 отбасыға үй салынуда

    Қазалы ауданында қайырымды жандардың көмегімен баспанаға мұқтаж отбасыларға арнап екі тұрғын үй салынып жатыр. Оның бірі Қазалы қаласындағы жалғызбасты әкенің баспанасы болса, енді бірі Қ.Пірімов ауылындағы Науханбаевтардың тұрғын үйі.

    Осыдан бірнеше күн бұрын қазалылық жас кәсіпкерлер Мархаббат Асанова мен Мерей Айекешова өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазалы қаласында тұратын жалғызбасты әкенің баспанасы құлау қаупінде тұрғанын айтып, қайырымды жандарды көмек көрсетуге шақырған болатын. Дәл осындай хабарландыру бергеннен кейін бұл баспана қатты жауған жаңбырдың әсерінен құлап, адам тұруға жарамсыз болып қалды.

    Бүгінде көмек көрсетем деушілер үшін көрсетілген есепшотқа түскен қаржымен тұрғын үйдің іргетасы құйылды. Бұл игілікті іске Қазалы қаласының белсенді азаматтары мен жастары өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Амандық болса ертеңнен бастап үйдің қабырғасы қаланатын болады.

    Одан бөлек қала жастары өздерінің күшімен жалғызбасты әкенің ауласын қоршап, темір қақпа орнатып жатыр.

    Қ.Пірімов ауылындағы Орысбай Науханбаевтың да баспанасын көктемде жауған толассыз жаңбырдан кейін су басып қалған. Осыны көрген ауыл тұрғындары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, ерлі-зайыпты Орысбай мен Күнімкүл Науханбаевтарға үй салып береміз деп шешті.

    Қазіргі таңда ауыл жастарының демеушілігімен үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып тұр. Енді қайырымды жандар өз күштерімен үйдің төбесін жауып, шатыр орнатпақшы.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында қашықтан білім беруге 222 мектеп толықтай дайын

    Фариза

    Қызылорда облысында орман қоры 6,5 млн гектарды құрайды

    Фариза

    Тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталды — ҰҚК

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.