-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 60 мекеме «Open space» форматында жұмыс жасайды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауындағы сыбайластықпен күресті күшейту мен «халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың бір жолы – халықтың мемлекеттік мекемелерге кіру, мәселелерін шешу жолдарын жеңілдету. Бұл ретте мемлекеттік мекеме басшылырының қызметтік бөлмелерін бірінші қабатқа көшіру, жергілікті атқарушы органдар қызметіне «Open space» концепциясын енгізу, тұрғындарды «сервистік әкімшілік» форматында ұйымдастырылған бөлмелерде қабылдау тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге септігін тигізеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейтов мәлімдеді.

    Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіхалыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, мемлекет институттарына қоғамның сенімін, азаматтардың құқықтық сауаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтерумақсаттарға қолжеткізудің бір де бір тетігі- «Сервистік әкімдіктер» мен «Open space» форматында жұмыс атқаратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Халыққа кедергісіз қолайлы ортаны қалыптастыру және мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесіп облыс аумағында 60 мемлекеттік мекеме «Ореn space» форматындағы кеңселерде жұмыс жасауда, 10 «сервистік әкімшілік» қызмет көрсетуде.

    «Ореn space» форматындағы кеңселеріәлеуметтік, құқық қорғау, жастар, кәсіпкерлік салалары мен мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінде ұйымдастырылған.

    Атап айтқанда, Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығында орналасқан аумағы 750 ш.м. құрайтын «Бақытты отбасы» орталығы бір уақытта 150 қызмет алушыға 20-дан астам әлеуметтік саладағы қызметтер көрсетуде. Мұнда қызмет алушылардың балаларына ойын алаңдары, ана мен бала бөлмесі, психолог және заңгер мамандардың кеңес беру бөлмелері, электронды мемлекеттік қызметтер алу бұрышы т.б. қарастырылған.

    Қызылорда қаласы әкімдігі жанында азаматтарға құқықтық кеңес беретін ашық форматтағы құқық қорғау орталығы жұмыс жасайды.

    Орта және шағын бизнес қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, қызмет көрсету орталығы толықтай ашық кеңістікке ауыстырылып, бір ғимаратта қызметтер көрсетуде.

    Жеке және заңды тұлғаларға орталық кедергісіз 75-тен астам қызметтер мен бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бойынша ақысыз негізде кеңестер алуына мүмкіндіктер жасалған.

    Сот төрелігі де өз жұмысын «Ореn space» форматында көрсетуге көшті. Облыстық, қалалық әкімшілік сот кеңселері бұл жұмыстарды жолға қойды. Әділдікке жүгінушілер қаралып жатқан істердің барысы бойынша толық ақпараттарды кеңселерден кедергісіз алуына және кезекші прокурор, адвокаттар мен кәсіби медиаторлардың кеңесіне жүгіне алады.

    Облыстық сот төрағасы апта сайын ашық кеңестіктегі кеңседе облыс тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдауларды тұрақты түрде жүргізуде.

    Істер процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуде тұлғалар істерді онлайн көруіне, бақылауына мүмкіндіктері бар.

    Атқарылып жатқан шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда.

    Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ресурстық орталығында да жұмыс бөлмелері «Ореn space» форматында қалыптасқан. Орталық 8 бағыт (шығармашылық, мәдени, психологиялық, спорттық, ақпараттық, кәсіпкерлік, еріктілік қозғалысы, патриоттық) бойынша студенттер мен оқушыларға қызметтер көрсетеді.

    Жастар орталығында кітапхана, антикафе, фитнес залы, коворкинг орталығы, IT парк орналасқан. Орталық қызметіне жылына – 50 мыңнан астам жастар жүгінеді.

    Бүгінде орталық жастардың қара шаңырағына айналып, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында, парасаттылық, әділдік, адалдық, елжандылық, патриоттыққа бағытталған шараларды атауға болады.

    Жастар және қоғамдық ұйымдармен өткізілген шаралар тұрақты түрде ақпарат құралдары арқылы насихатталуда.

    Қала әкімдігіне қарасты қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы бөлімдері бір ғимаратқа шоғырландырылып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ашық форматта ұсынуда.

    Сонымен қатар, облыс орталығынан басқа Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты 2 кент, 5 ауылдық округ әкімдіктері «Ореn space» форматындағы кеңселермен жабдықталған. Бұл жұмыстар облыстың 7 аудандарында да ұйымдастырылған.

    Мысалы, Қазалы, Сырдария ауданының орталықтарында орналасқан мекемелер үйінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, аудандық құрылыс бөлімі, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімдері бір ғимаратқа топтастырылып «Ореn space» форматында жұмыс жасауда.

    Облыс тұрғындары әкімдіктердің ғимараттарына кедергісіз және басшылықтың қабылдауларына жеке мәселелер бойынша алдын ала жазылуынсыз немесе онлайн жазылу арқылы кіре алады. Әкімдіктердің ғимаратында күту орындары, өз-өзіне қызметтер көрсету бұрыштары, электронды үкімет порталымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуына мүмкіндіктер бар.

    Департамент жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру, билік органдарының халыққа қызметін ашық кеңістікте ұйымдастыру арқылы кеңінен насихаттау жұмыстары жылдан жылға күшейтіліп келеді.

    Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің осындай жаңа бастамаларының арқасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылымыз, жалпы халықтық қолдауға ие болуда.

    Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

     

    қатысты посттар

    Қызылордада «Шаңырақ» пилоттық жобасына өтініш қабылдау басталды

    Фариза

    Қызылорда шенеуніктерінің қызметтік көліктері жедел-жәрдемге берілді

    Фариза

    Бык насмерть забил рыбака

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.