-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізді деген айыппен қамауға алынған Арман Хасеновты 3 жылға бас бостандығынан айырды

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізді деген айыппен сәуір айында қамауға алынған Арман Хасеновты 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Хасенов Арман Қайратұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 373 бабы, 2 б. көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша үш жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын. 3 жылдық мерзімге пробациялық бақылау орнатылсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 44 бабы 1 б. сай, Хасенов Арман Қайратұлы жазасын өтеу мерзімінде жергілікті атқару органдары белгілейтін жылына 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылсын, — делінеді Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының үкімінде.

    Сонымен қатар, Хасеновтан сот шығындарын өтеу үшін және Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорының пайдасына 15 АЕК (41 670 теңге) өндіріледі.

    Үкім мәтінінде Хасеновтың өз айыбын мойындағаны және істеген ісіне өкінетіні айтылады.

    қатысты посттар

    Италияда үйлену тойлары мен жерлеу рәсімдеріне тыйым салынды

    Фариза

    Назарбаев та Атамбаевтың күйін кеше ме?

    Тоқаевтың тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен босатылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.