Пятница, 16 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы
    тағайындалды. Қала әкімінің өкімімен бұл лауазымды енді Әміржанов Хамит
    Уадутбекұлы атқаратын болады.

    Хамит Уадутбекұлы — 1981 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша
    қаржыгер.

    Еңбек жолында Қостанай облысы, Амангелді ауданы бойынша салық
    комитетінің маманы, ҚР Қаржы министрлігі қаржыны ішкі әкімшілендіру
    департаментінің бас маманы, Қаржы министрлігі мемлекеттік орган
    қызметін қамтамасыз ету департаменті материалды-техникалық қамтамасыз
    ету басқармасының бас сарапшысы, аталған басқарманың басшысы қызметін
    атқарған.

    Ал, 2010-2020 жылдар аралығында Қаржы министрлігі мемлекеттік органның
    қызметін қамтамасыз ету департаменті материалды-техникалық қамтамасыз
    ету басқармасының басшысы, Мемлекеттік органның бюджет қаражатын
    әкімшілендіру және басқару департаменті мемлекеттік сатып алу
    басқармасының басшысы, Қаржыларды ішкі әкімшілендіру департаменті
    мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, ҚР Қаржы министрлігі
    мемлекеттік сатып алу комитетінің басқарма басшысы және Алматы
    қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және
    мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымында
    еңбек еткен.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ЛА-155/4 мекемесі басшылығы Ұлы отан соғысының тыл еңбеккерін, Ауған соғысының және Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерін 9 – мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

    Фариза

    Жуалы бағынан 700 тоннадан аса алма жиналды

    Фариза

    Той жасауға рұқсат беріле ме?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.