-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша бес күдікті қамауға алынды

    Шымкенттегі 17 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша дәрігерлерге
    қатысты тергеу басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті
    мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облыстық
    балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты тергеу шаралары
    бүгіннен басталған. «03.06.2020 жылы Шымкент қаласының балалар
    ауруханасының дәрігерлеріне қатысты Еңбекші полиция
    басқармасымен ҚР ҚК 317-бабы бойынша (медицина қызметкерлерінің
    кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау) материал тіркелген» делінген
    хабарламада.

    Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жаппай төбелес
    болған түні Түркістан облыстық балалар ауруханасына 3 кәмелетке
    толмаған жасөспірім әртүрлі дене жарақаттарымен түскенін айтады.
    Олардың арасында Абзалбек Уткуровтың жағдайы өте ауыр болған.
    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері сол
    түні, ізін суытпай күдіктілердің барлығын анықтап, олардың бесеуі
    қамауға алынған.

    Екеуіне ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі
    бұлтартпау шарасы қолданылып, тағы бір күдіктіге іздеу жарияланған.
    «Қазір осы қылмыстық оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі
    5,7,11-тармақтары (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты
    бұзақылық ниетпен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы
    жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша басталған
    сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    Тергеу барысында жаппай төбелеске 10 кәмелетке толмаған жасөспірім мен бір ересек
    тұрғын қатысқаны анықталған. Төбелестен соң күдіктілердің барлығы
    оқиға орнынан бой тасалаған»,- делінген хабарламада. Айта кетейік,
    күні кеше осы жаппай төбелестен ауыр дене жарақатын алған 17
    жастағы Абзал Уткуров ауруханада қайтыс болған еді. Оның туыстары
    төбелеске қатысқандардың Абзалдың басын шлакоблокпен ұрып,
    тырнақтарын жұлып алғанын айтқан болатын.

    Г.Қапал

    қатысты посттар

    Қызылорда: Тасбөгет кенті адам танымастай өзгеруде

    Фариза

    БҚО-да ер адам 4 жасар өгей ұлын аяқ-қолын байлап, сарайға қамаған

    Фариза

    «Бұған кінәлі ҚХР азаматтары» Алматы облысы тұрғындары мен қытай жұмысшылары арасында туған дау төбелеске ұласты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.