-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қазақстанда ондаған жануарлар мен өсімдік түрлері жойылып кету қаупі алдында тұр — Тоқаев

    Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген.

    Жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін бұл күні Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аудартады.

    Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні — көшедегі шеру, велосипедистер парады, «жасыл» концерттер, мектептерде шығармалар мен плакаттар байқауы, ағаш отырғызу, сондай-ақ қалдықты қайта өңдеу науқаны және айналаны тазарту сияқты қызықты шаралар жасалады.

    Қазақстан Республикасында бұл шара атап өтіледі және еліміздің әр аймағында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Бүгін Президентіміз Қасым-Жомат Тоқеав та қоршаған орта күніне назар аударып, табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс екендігін жеткізді.

    «Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс» , — деді Тоқаев.

    Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Осы Заңның негізінде қазіргі күнге шейін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Мысалы, 2007 жылы халықаралық актілерге, жаңа стандарттарға сай біздің экологиялық заңнаманы үйлестіріп, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экологиялық кодекс қабылданды.

    Соңғы мәліметтер бойынша, еліміздегі ең лас қалалар: Алматы мен Өскемен.

    Сондай-ақ, қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластайтын кәсіпорындар:

    1. Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кен орындары
    2. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты
    3. Өскемен титан-магний комбинаты
    4. Лениногор полиметалл комбинаты
    5. Зыряновск полиметалл комбинаты
    6. Жамбыл суперфосфат заводы
    7. Жамбыл фосфор заводы
    8. Балқаш тау-кен комбинаты
    9. Жезқазған тау-кен комбинаты
    10. Павлодар алюминий заводы
    11. Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы
    12. Екібастұз энергетикалық кешені
    13. Қарағанды металлургия заводы
    14. «Фосфор» Шымкент өндірістік бірлестігі
    15. Шымкент қорғасын заводы

     

    қатысты посттар

    «Өздері шешеді» — Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты

    «Жалақыны екі есеге өсіру» Министр «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырды

    Фариза

    «Әрбір азамат көз жұмған соң азғасын донорлыққа бере ме, оны тірі кезінде айқындап алуы керек» — Нұрлан Нығматулин

    Пікір қалдыру

    twelve + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.