11 C
Алматы
Четверг, 19 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Депутат па»: Желіде Алтынай Жорабаеваның жолдасының суреті тарап кетті

    Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлаған Алтынай Жорабаеваның көптен жасырған жолдасының түрі қандай екені белгілі болды. Әлеуметтік желілерде өнер иесінің екінші күйеуінің суреті тарап кеткен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

    Алтынай Жорабаеваның жүрегін жаулап алған қостанайлық азаматтың фотосы Instagram желісіндегі zhuldyzdy_news парақшасында жарияланған. Отағасы мен қыздарының бір дастархан басында отырған суретімен көпбалалы әншінің өзі де бөліскен. Алайда, онда өнер иесі ғашығының түрін жауып қойса, ғаламторда тараған фотода ер адамның түрі анық көрінеді.

    Желі қолданушылары бұған дейін жолдасының түрін жасырып келген эстрада жұлдызынан оның түрін көрсетуін қоймай сұраған болатын. Нәтижесінде Жорабаеваның жүрегін жаулаған азаматтың фотосы өз парақшасында емес, басқа ақпараттық пабликтердің бірінде шықты. Көпшілік қос ғашықтың өте жарасымды екенін жазып, оларға ақ тілегін жаудырды.

    «Жарасады екенсіздер» , «Сізге адал жар, қыздарыңызға жақсы әке болсын» , «Бақытты болыңыз» , «Бұл кісі кім? Депутат емес пе?» , «Бес қызғалдаққа қамқоршы болсын» , «Бір мезетте төрт қыздың әкесі болады да шығады» , «Махаббаттарыңыз баянды болсын» , – деп жазуда көпшлік.

    қатысты посттар

    «Бар өмірім көз алдымнан қайта өткендей болды» Димаштың жаңа әні тыңдармандарын таңдай қақтырды (видео)

    «Қазақстанға келгенше, Үрімжіге барып тұрғаным артық…» — қазақ қызы Шұғыла

    Таразда түркі әлемінің әуені шырқалды (фото)

    Пікір қалдыру

    7 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.