Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы қаласының жедел жәрдем қызметкері жұмысындағы қиын жағдай туралы айтып, көпшіліктен көмек сұрады

    Алматы қаласының жедел жәрдем қызметкері Эльвира Камалова жұмысындағы қиын жағдай туралы айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    2 маусымда Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған қатысты Камалова Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады:

    Құрметті халайық, қазір мен ауруханадамын, осы арадан жаным ауыра отырып, өзімнің ішкі толғанысыммен бөлісіп отырмын. Мұнда шамамен 1,5 мың адам жатыр! Мен бір ақталайын деп жатқаным жоқ, барлық мәліметті бұқаралық ақпарат құралдары беріп жатыр, ол менің әр сөзімді растай алады, яғни бұл цифр аспаннан алынған жоқ!!!

    Бір көлік жүргізуші 2 қосалқы станцияда қайтыс болды … Оның отбасына көңіл айтамын, оның әлі кішкентай балалары бар еді, біреуі жарымжан жан!

    Менің қасымда екі баласымен бір медбике жатыр, оның да бір баласы туғанынан мүгедек, церебралды сал ауруымен ауырады. Ең бірінші болып шындықты өздеріңізге жеткізіп жатырмын, өйткені мен отбасымда жалғыз асыраушы адаммын.

    Мен жалғызбасты анамын, 4 балам бар. Шағымданбаймын, көп нәрсе сұрамаймын, Аллаға шүкір, отбасымды асырау үшін ақша табатын жұмысым бар. Мен өзіме Заң бойынша тиесіліні сұраймын, әрине егер біздің үлкен елімізде ондай нәрсе бар болса.

    Алматының жедел жәрдеміндегі медициналық қызметкерлердің көбісі ауырып жатыр. Барлық ақпарат жақын арада ресми расталады деп сенемін.

    қатысты посттар

    Қордайдағы қақтығысқа қатысқан азамат Алматыдағы қамау изоляторында қайтыс болды

    Фариза

    «Өмір бойына бас бостандығынан айыру, мораторий, зейнет жасының ұлғаюы» 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай заңдар күшіне енді?

    Фариза

    Түркістанда да Назарбаев даңғылы пайда болды

    Пікір қалдыру

    10 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.