Среда, 10 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қазақстанда ешқандай қос билік жоқ — Тоқаев

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында сабақтастық туралы атап өтті, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев — тарихи масштабтағы тұлға, заманауи Қазақстанның негізін қалаушы. Жақында (6 шілдеде) оның 80 жас мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның халық үшін атқарған және халықаралық қауымдастық алдындағы еңбегі туралы айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтау маңызды, бұл Қазақстан мемлекетінің нығаюы үшін керек. Сондықтан менің сайлауалды платформамның алғашқы пункті сабақтастық деп аталды», — деді Тоқаев.

    Оның айтуынша, қазіргі ауыр жағдайда Назарбаев дағдарыстан тез шығу, жаңа экономика құру және азаматтарға материалдық қолдау көрсету туралы курсын қолдаған.

    «Ешқандай қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет айтып, қазіргі президентті қолдап, бірігуге шақырды», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

    қатысты посттар

    Жағдай күрделеніп кетпесе, төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталады — Тоқаев

    Фариза

    Қазақстанда ондаған жануарлар мен өсімдік түрлері жойылып кету қаупі алдында тұр — Тоқаев

    Фариза

    Мұнай, доллар, митинг… Бүкіл Қазақстан демалғанда, эканомикамыз құлдырап жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.