-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    1 маусымға қараған түні Алматыда блок-бекеттердің барлығы алынады

    Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың аумағындағы блок-бекеттер алынғанмен, санитарлық қауіпсіздік ережелері сол қалпы қалатынын мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қалаға кіріп-шығуға шектеу қойып тұрды.  Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито- және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін», – деді  Бақытжан Сағынтаев .

    Жалпы, 2,5 айдың ішінде бекеттегі қызметкерлер өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, тәулік бойы қызметте болған.

    Қала әкімі атап өткендей, блок-бекеттер елдегі және Алматы қаласының өзіндегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғандықтан, алынып отыр деп атап өтті.  Дегенмен,  қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдар санитарлық қауіпсіздікті күшейте отырып, жұмыс істейді.

    «Белгіленген тәртіпке бағынып, сангигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін киіп жүріңіздер. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз», – дейді қала басшысы.

    қатысты посттар

    «Құтқарыңыздаршы. Мені қытайлар жертөледе құлдықта ұстап отыр»

    Қызылордалық егіншілерге арзандатылған дизель отыны бөлінеді

    Фариза

    «Ең әуелі балаларымның тағдырын ойран еттім» Сириядан оралған Қазақстандық өткен істеріне өкінетінін айтты (видео)

    Пікір қалдыру

    9 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.