-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Бізді отқа тастап жіберіңіз». Саясат Нұрбек Тоқаевтың алдында ашына сөйледі

    Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық кеңестің үшінші отырысында адами капитал, білім және ғылым саласындағы проблемалар сөз болды. Отырыста сөз алған «BTS Digital» білім беру жобаларының жетекшісі, Ұлттық кеңес мүшесі Саясат Нұрбек егер мемлекеттік саясаттың бүкіл жұмысын білім саласына бағыттамаса, кейін зардабы қиын болатынын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттіні Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бірер күн бұрын менің жасым 39-ға толды. Біздің қатарымыз — 80-ші жылғылар жоғалған буын болып есептеледі. Біз қазір үлкен өмірлік таңдау алдында тұрмыз, әрі қарай не істеу керегін білмейміз. Жинаған біліміміз бар, тәжірибе бар, қателіктер де жасадық. Менің жеке кумирім — 1972-92 жылдары Финляндияның білім жөніндегі ұлттық кеңесін басқарған, білім саласын дамытуда өздерін тарихтың отына тастап жіберген буынның жарқын өкілі Эркки Ахо болды. Сондықтан біздің энергиямызды пайдаланыңыздаршы. Біз де өзімізді тарихтың отына тастауға дайынбыз. Себебі, Қазақстанда басқа жол жоқ», — деді Саясат Нұрбек.

    Маман білім саласын модернизациялауға арналған бірнеше нақты ұсыныс берді. Олар — цифрлық білім берудің қажеттігі, балабақшаларды лицензиялау, сабақ өткізетін онлайн-платформаларды дамыту, мамандық таңдау және тағы басқа мәселелер.

    Саясат Нұрбектің сөйлеген сөзін төмендегі видеодан көруге болады.

    қатысты посттар

    1 жыл бұрынғы бейнекадрлар. Қ.Тоқаевтың ұлықтау рәсімі

    Фариза

    Тоқаев Мұхтар Жәкішевке қатысты мәселеге пікір білдірді

    Фариза

    «Қазақтың қанын мойыныма алғым келмейді…» қамаудағы Ринаттың xалыққа айтқаны (видео)

    Пікір қалдыру

    fifteen − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.