Воскресенье, 16 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды

    Ақтөбе гарнизонының әскери соты полковник Марат Есеновке  4,85 миллион теңгеге айыппұл төлеуге үкім шығарды,мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, атағынан айырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі uralsweek.kz порталына сілтеме жасап.

    Марат Есенов 4 ақпан күні Байтерек ауданынан Оралға қызметке ауысқысы келген қарамағындағы қызметкерден 200 мың пара алғаны үшін ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте пара траншпен: жартысы картаға, ал қалғандары — қолма-қол ақшамен берілгенін айтты.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке пара беру туралы қарамағындағының өзі және оның жұбайы хабарлады. Белгілі болғандай, полковникке өзінің күйеуін жоғарлату және басқа қызметке аудару үшін әйелдің өзі жүгінген.

    20 мамыр күні сот Марат Есеновке айып салып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    қатысты посттар

    Алматыда мас судьяға қатысты қызметтік тергеу басталды

    Фариза

    Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды

    Фариза

    Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды — Мамин коронавирустың жаңа толқыны туралы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.