-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Инстаграмда жазба қалдырған менің келінім емес — Блокбекетте қайтыс болған полицейдің әкесі

    Қоштасу рәсімі Алматы қаласы Алатау ауданы Мәдениет шағын ауданынадағы өз үйінде өтті. Жамбасы жерге тиген соң, марқұмның әкесі Марат Әбдіқанов Azattyq Rýhy тілшісіне полиция қызметкері Азат Азаматов туралы пікір білдірді.

    Айта кетейік, кеше кейбір пабликтер мен ақпарат құралдарына қайтыс болған Дастан Әбдіқановтың жұбайы сұхбат беріп, көлік апатын жасаған азаматтың өз күйеуімен бірге жұмыс істегенін айтқаны туралы жазылған еді.

    Динара Әбдіқанова Instagram парақшасында «BMW жүргізушісі қазір де құқық қорғау органдары саласында жұмыс істейді. Ол бұрын жұмыстан шығып кеткен деген ақпарат шындыққа жатпайды» деп жазба қалдырған.

    Ал кейін ZTB паблигіне берген сұқбатында марқұмның жұбайы «көлік апатына күдікті адам менің күйеуіммен бірге бір ауысымда қызмет атқарды. Мен оларға ас әзірлеп берген кездерім болған. Мен оның әріптестерін жақсы танимын. Шындықты айтыңыздар», — деп мәлімдеген.

    Алайда, полиция инспекторының әкесі бұл ақпараттарды келіні жазбағанын айтады. Ақпарат құралдарында тараған мәліметтерді естігенін, бірақ отбасы мүшелерінің сұхбат беруге мүмкіндіктері болмағанын жеткізді.

    «Бұларды жазған менің келінім емес. Ол жазбаларды менің келінімнің атын пайдаланып басқа біреулер жазған. Ондай әңгімеге ермеңдер. Менің келінім ондай айтатын жағдайда емес еді. Шок алып, өлім туралы естіген кезде талып қалып, содан бері есін жия алмай отырды. Дастанның денесін әкелгенде ғана өз-өзіне келді. Баламның (Дастан Әбдіқанов — авт.) Азатпен істегенінен хабарым жоқ. Білетінім, ол бір ғана баламен істеп жүрді. Оның есімі Жандос болатын. Қазір ол басқа біреумен напарник болып кетті. Бір күні біреумен, екінші күні басқа біреумен шығады. Осы өлген кезінде жанындағы қызметтесімен (Жарас Жанғазиев — авт.) түскен екен. Екеуі өліп отыр. Оған адал бол деп үйреттім. Жаны жаннатта болсын, адал жүрді, органда істейді екенмін деп жан-жағына «пысықай» көріну деген болмады. Біздің біреуге сұхбат беруге, смартфонды ашуға жағдайымыз болған жоқ. Біздің атымыздан айтылған әңгімелерге сенбеңіздер»,- деді  Марат Әбдіқанов.

    Ал күдікті Азат Азаматовтың әкесі Талғат Азаматов тілшілерге пікір білдіруден бас тартты. Ірі көлік апатына себепкер болған бұрынғы полиция қызметкерінің Алатау ауданы «Шаңырақ-1» ықшамауданында ата-анасымен бірге тұрғаны белгілі болды.

    Өзін Азаматовтар отбасының көршісімен деп таныстырған адам 1999 жылдан бері Қаратау көшесінде тұратынын айтады. Азат Алматы облысы Сарқан ауданынан көшіп келген отбасының жалғыз баласы көрінеді.

    «Баланың жүріс-тұрысы жақсы еді. Не болғанын білмеймін. Кішкентайынан көз алдымызда ойнап өсті. Осы Шаңырақтың мектебінде оқыды. Содан соң теңіз флотында әскери борышын өтеп келді, қол жекпе-жегімен айналысты. Бірақ полиция машинасын айдап жүргенін де, форма киіп жүргені туралы да ештеңе айта алмаймын. Тыныштық керек. Ол туралы құзырлы орандардан сұраңыздар», — деді атын атамауды сұраған көршісі.

    Айта кетейік, көлік апаты 25 мамыр күні таңертең Алматы іргесінде болған еді. Оқиға орнында Жарас Жанғазиев қайтыс болды. Ал, оның қызметтегі серігі Дастан Әбдіқанов екі сағат өткенде ауруханада көз жұмды. Жарас Жанғазиевтің артында кәмелет жасына толмаған екі қызы мен аяғы ауыр әйелі қалды. Ал аға сержант Дастан Әбдіқановтың жары мен бір айлық сәбиі болған. Одан бөлек, тағы бір полиция қызметкері ауруханада жатыр.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

    Фариза

    Байқоңырда оқушыларды Путинді қолдау үшін митингке шығарған

    Фариза

    Ақтөбе облысында әйелі мен енесін пышақтап қашып кеткен күдіктіге іздеу салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.