-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкентте жалған ақпараттың кесірінен балықтың саудасы тоқтап қалды

    Шымкентте жалған ақпараттың кесірінен балықтың саудасы тоқтап қалды. 50-ге тарта сауда нысанының сатушылары базынасын айтып, биліктен көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Балық бизнесімен айналысатын кәсіпкерлердіңайтуынша, бұған әлеуметтік желіде «Сырдарияның балығы уланған, екі жылға дейін жеуге болмайды» деген жазбаның таралуы себеп болған. Осыдан кейінжұрт балық алуды тоқтатып, базарлар мен сауда нысандарында өнім өтпей қалған. Көп жылдан берібалық саудасын кәсіп еткен Кәміл Қасымбек күнделікті табыстан қағылдық деп ашынады.

    Саудагер бұрын күніне 200 келіге дейін балық сатса, қазір алушы жоқ екенін алға тартады. Салдарынан балықтар тоңазтқышта қатып, базбірін тастап үлгерген. «Бес күн болды, балық сата алмай жатырмыз. Жоқ дегенде 100-200 келі балық сататынбыз. Қазір 5 келі балық та сатаалмай қалдық. Халық балық алуға қорқып қалған. Бірбалықты сыртқа шығарған соң кешке шейін иістеніпқалады.

    Амал жоқ, тастаймыз. Шетімізден шығынға батып, несиеміздің пайызы өсіп жатыр»,- дейдікәсіпкер Кәміл Қасымбек. Балық саудасыменайналысушылардың сөзінше, мұндай қиындықтар тек Шымкентте емес, Қызылорда, Тараз, Алматы қалаларында да туындаған. Базарда балықтың сапасытуралы анықтаманы көрсетсе де, жұрт алмай қойған.

    Саудагерлер енді бағасын да біртіндеп түсіре бастағанын айтады. «Шымкент бойынша күніне 15 тоннаға дейін балық сатылатын. Қазір 1 тонна түгілі, 100 келі де сатылмай қалды. Қазақстан бойыншабарлық кәсіпкерлер сауда жоқ деп шырылдауда. Бізгебалық Шардара, Көксарай, Бөген, Балқаш, Атырауданкеледі. Арасында ауру балық жоқ. Күнделікті мамандартексеріп отырады»,- дейді кәсіпкерлердің бірі ГүлжанТөребекова.

    Саудагерлер тәулігіне 100 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін шығынданып отырғанын айтады. Соған қарамастан сауда орнының жалдауақысы мен салығын да төлеп тұр. Тіпті қолда бар тауарды сасытып алмас үшін тоңазытқыштарды да толтырып тастаған. Ендігі жерде сақтайтын орынқалмай барады. Ал, желіде тараған ақпаратты балық саласына жауапты мамандар теріске шығарды.

    Инспекторлардың сөзінше, «балық уланған» дегенқаңқу сөз шындыққа жанаспайды. «Өзбекстанда орналасқан Сардоба су қоймасы мен Сырдарияөзенінің арақашықтығы алыс, бір-бірінен алшақ жатқаны белгілі. Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында ешқандай ауру балық жоқ екенін мен ресми түрде мәлімдеймін»,- дейді Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Шәкен Боранбай.

    Қалай болғанда да әлеуметтік желідежалған ақпарат таратқандардың мәселесі тексеріліп, заң шеңберінде жаза қолданылмақ. Қазір қаңқу сөзді кім және не үшін таратқаны анықталуда. Сондықтан мамандар Сырдария мен Шардараның балығын жұрт қорықпай жесе болады деп отыр.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: МӘРТӨБЕ ТАРИХИ КЕШЕНІНДЕ КЕЛЕР ҰРПАҚҚА ЖОЛДАУ ЖАЗЫЛҒАН КАПСУЛА САЛЫНДЫ

    Фариза

    Сараптама қорытындысы Gelendwagen жүргізушісінің мас болғанын жоққа шығарып отыр ма?

    «Қайыр сұрап жүрген балаларға садақа бермеңіздер…» — Аружан Саин

    Пікір қалдыру

    3 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.