Пятница, 13 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қарағанды облысында дәрігерлер науқасқа мас күйінде келген

    Қарағанды облысы Абай қаласының тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлерінің мас күйін видеоға түсірген, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желілерде видео тарап жатыр. Онда әйел үйіне мас фельдшерлер келді десе, медицина қызметкерлері бұл кінәні жоққа шығарып, біреуі кекештеніп тұрғанын айтады.

    Кейін ролик авторы мас күйінде келген дәрігерлердің көмегінен бас тартқаны және өзінің әжесі үшін басқа бригаданы шақырғаны белгілі болды. Соңында егде жастағы әжейге басқа дәрігерлер көмектескен.

    Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер видеодағы дәрігерлердің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Ведомстводағылар видео түсірілген кезде медицина қызметкерлері мас болғанын растады.

    Айта кетейік, бұл видео желіге тарағаннан кейін Абай қаласының тұрғындары дәрігерді ақтауға тырысты. Оны білгір маман деп мақтады.

    қатысты посттар

    Алматыда ауруханада бес ай тұрған баланың әкесі табылды

    Фариза

    Қыздарды маркерке теңеген Жәлел өзінің дауға ұласқан дәрісіне түсініктеме берді

    Фариза

    Абайлаңыз, алаяқ! ЭЦҚ-ны алу кезінде алаяқтарға алданып қалмаңыз

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.