-11.1 C
Алматы
Четверг, 19 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Тарих

    «Полицияда жұмыс істейді. Оны жұмыстан шығармаған» BMW жүргізушісі туралы жаңа ақпараттар шықты

    Блокбекетте қаза тапқан полицей Дастан Әбдіқановтың әйелі Динара Әбдіқанова жол апатына кінәлі жүргізушінің құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін айтады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Айта кетейік, жерлеу рәсімі бүгін Алматыда өтіп жатыр.

    Әбдіқанованың айтуынша, жол апатына кінәлі BMW жүргізушісі әлі күнге дейін полиция департаментінде жұмыс істеп жүр.

    «Бұл өтірік. Ол полицияда жұмыс істейді. Оны жұмыстан шығармаған», — деп жазған Динара Instagram желісіндегі парақшасында.

    Кейінірек ол ZTB порталына берген сұхбатында жүргізушіні танитынын айтқан.

    «Жүргізуші полиция жұмыс істемейді деген өтірік. Ол менің күйеуіммен бірге түнгі ауысымға шығып жүрді. Мен оларға түнге тамақ дайындап беретінмін. Күйеуімнің әріптестерін танимын. Тек шындықты айтыңыздаршы, өтінемін! Қылмыскерлерді жасырмаңыздар!», — деді Динара Әбдіқанова.

    Сондай-ақ, ол марқұм күйеуінің намысына тимей, тергеу жұмыстарын әділ жүргізуді сұрады.

    Еске салайық, кеше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді.

    Ал кейінірек кі полицейдің өліміне кінәлі BMW жүргізушісінің 6 жыл полицияда қызмет еткені анықталды.

    қатысты посттар

    СҚО-да 52 жастағы ер адам бірге тұратын әйелді ұрып өлтірді

    Фариза

    «Анам мені босана сала жетімдер үйіне қалдырып кеткен»: Отандық кәсіпкер балалық шағынан алған сабақтары туралы

    Фариза

    Таразда пойыздың үстінде сэлфи жасамақ болған жасөспірім ажал құшты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.