-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Екі полицейдің өліміне себепші болған BMW көлігінің иесі де полиция қызметкері болған» Әлеуметтік желіде тараған ақпарат рас па?

    Бүгін Алматы облысының №4 блокбекетінде BMW маркалы көлік инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Нәтижесінде, мас жүргізушінің кесірінен  екі бірдей полиция қызметкері тіл тартпай кетті. Аталған жайтқа сәйкес әлеуметтік желі қолданушылар арасында екі полицейдің өліміне себепші болған мас жүршізушінің де полиция қызметкері екендігі туралы сөз тарап кетті.

    » BMW маркалы көлігінде болған мас жүргізуші де полиция қызметкері, ол сол уақытта кезекшілігін қабылдап алуға бара жатқан», — диді әлеуметтік желі қолданушылары. Екі бірдей полиция қызметкерінің баласын жетім, әйелін жесір қалдырған жүргізушіні халық, тіпті, өлім жазасына кесуді, 10 жылдың аздық ететінін айтып ашынуда.

    Аталған жағдай Алматы қаласының полиция департаментінің де құлағына жетті. Олар:

    «BMW жүргізушісіне байланысты тараған ақпаратқа байланысты біз тексеру жұмыстарын жүргіздік. Жүргізуші жұмыс істеген Алмалы және Алатау аудандарын тексеру нәтижесінде аталған ақпарат расталған жоқ», — деп жауап берді.

    Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алынды. Заңгерлердің айтуы бойынша оны 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

    қатысты посттар

    «Өмір бойына бас бостандығынан айыру, мораторий, зейнет жасының ұлғаюы» 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай заңдар күшіне енді?

    Фариза

    Алматыда тұрғын үйлер карантинге жабылды

    Фариза

    «Ақсақалды көтеріп бара жатса, арандап қалмасын дегені…»

    Пікір қалдыру

    19 − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.