Алматыдағы №4 блок-бекетте болған көлік апатынан жарақат алған үшінші полицей ес-түссіз жатыр. Оның өмірі үшін қазір дәрігерлер күресуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, мас жүргізуші алдымен блок-бекеттен өтіп жатқан көліктерді планшетпен тексеріп тұрған сақшыны қаққан. 1994 жылы туған Ербұлан Сейдазым есірткіге қарсы күрес басқармасында жұмыс істеп, блок-бекетте кезекшілік жұмыстарын атқарған. Апат бүгін таңғы сағат бес жарымда болған еді.
» alt=»» aria-hidden=»true» />
» alt=»» aria-hidden=»true» />
«Өте ауыр жағдай. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Болжам бойынша, мас жүргізуші алдымен көліктерді тексеріп тұрған Ербұлан Сейдазымды қағып барып, кейін патрульдік көлікке соғылған. Ербұланның бас сүйегі сынып кеткен, жансақтау бөлімінде жатыр. Істің ақ-қарасы тексеріліп жатыр. Мас жүргізуші Алатау ауданындағы Шаңырақ шағынауданының тұрғыны болып шықты. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, оның көлікті мас күйде жүргізуі жазасын ауырлатады», — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазір аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) 4-тармағымен (Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.
» alt=»» aria-hidden=»true» />
» alt=»» aria-hidden=»true» />
Еске салайық, 25 мамыр таңертең Алматы іргесінде болған апаттан екі полицей қаза болды. Олардың бірі Жарас Жанғазиевтің артында әйелі мен екі қызы қалды. Әріптестерінің айтуынша, Жарас отбасында ұл баланың дүниеге келуін асыға күтіп жүрген екен. Содан кейін еңбек демалысын алуды жоспарлаған.
«Жарас Жанғазиевтің артында кәмелет жасына толмаған екі қызы мен аяғы ауыр әйелі қалды. Жарас 3 айдан кейін ұлды боламын, кейін демалысқа шықсам деп жоспарлап жүрген. Аға сержант Дастан Әбдіқанов спортшы, футбол ойнайтын, былтыр ғана үйленген. Артында бір айлық сәбиі мен жары қалды. Дастан өзімен бірге жұмыс істеген Жарастың шәкірті еді. Ешқандай тәртіп бұзбаған, өз қызметтеріне адал болды олар. Екеуі де карт әке-шешелерімен Алматы облысында бірге тұратын. Олар «Боран 79» парулінің құрамында өз қызметін атқарды. Таңғы сағат сегізде кезекшіліктен шығуы керек еді», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің рота командирі Қуаныш Кәрібаев.
» alt=»» aria-hidden=»true» />
» alt=»» aria-hidden=»true» />
Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты болған кезде көшенің қиылысына орнатылған «Сергек» камерасы жұмыс істемеген екен. Яғни, оқиғаның қалай болғаны бақылау камерасына жазылмаған.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда тәуелсіздік жылдарында 72 полицей қызмет барысында қайтыс болған. Олардың 32-сі қылмыскерлер қолынан қаза тауыпты.