-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жамбыл облысында екі әйелді бауыздап өлтірген өзбек азаматы іздестірілуде

    Жамбыл облысында Өзбекстаннан келіп, жалданып жұмыс істеп жүрген ер адам екі әйелді айуандықпен өлтіріп, өзі ізім-қайым жоғалды, деп хабарлады КТК телеарнасы. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, қаскөй екі әйелді азаптап, артынан бауыздап тастаған. Тәртіп сақшылары оны бірнеше күннен бері таба алмай жатыр.

    Күдікті шопан болып жұмыс істеген. Малды ол тауда бағыпты. Қылмысты да осы таудағы үйде жасаған көрінеді.

    Ресми органдар бұл оқиғаға қатысты әлі ақпарат таратпаған. Телеарна тілшісінің хабарлауынша, өзбек азаматы екі әйелді өлтіргеннен кейін денелерін тапшанның астына жасырған. Марқұмдардың бірі жақын маңдағы шаруа қожалығында аспаз болып жұмыс істеген. Екіншісі – оның құрбысы. Олардың шопанның үйіне қандай жағдайда келгені әзірге белгісіз.

    Ауыл азаматтарының айтуы бойынша, кісі өлтірген азамат қылмыс жасағаннан кейін атқа мініп, ауылға қарай бет алған. Бірақ елдімекенге тоқтамай, ары өткен. Сөйтіп темір жолдың жағасына келіп, жылқысын сол жерге байлап кеткен. Өзі ұшты-күйлі жоғалған. Содан бері одан еш хабар жоқ. Ал полиция қызметкерлері қаскөйді бірнеше күннен бері іздестіріп таба алмай жатыр.

    «Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар сараптамлар тағайындалды», — деп қысқа қайырды Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Әнуар Карипсейтов.

    Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, қазір күдіктіні жан-жақты іздеу жұмысы жүріп жатыр. Ал қашқынның 54 жастағы Өзбекстан азаматы екені расталды. Сондай-ақ, қайтыс болған келіншектің бірі – 50 жаста, екіншісі – 38-де. Бірақ олардың отбасы жайында дерек жоқ. Қылмыс Мамай ауылында болғанымен, қаза тапқандар Сарысу ауданының тұрғындары екен.

    қатысты посттар

    Бесінші сыныптың оқушылары сыныптасын ұрып өлтірді

    Фариза

    Жұмагелдиевтің жоғалтатын ештеңесі жоқ – Бас прокурор

    Фариза

    Салалық кәсіподақтың тағы бір жеңісі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.