Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазіргі кезде қайрымдылық пиарға айналып кетті — Айсұлтан Назарбаев

    Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде Айсұлтан Назарбаевқа ұқсайтын адамның Нұр-Сұлтан қаласының маңайындағы тұрғындарға азық-түлік пен ақша таратып, қайрымдылықпен айналысып жүргені туралы ақпарат тараған болатын. Тұрғындардың бірі тіпті оны суретке түсіріп те үлгерген. Ал бүгін тұңғыш Президенттің немересі Айсұлтан өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында аталған жағдайға байланысты түсінік беріп, суреттегі қайрымдылықпен айналысып жүрген жанның өзі екендігін жеткізді.

    «Азық-түлік таратып жүрген кезде, тұрғындардың бірі мені танып, суретке түсуімді өтінді. Мен бас тарта алмадым. Бірақ, мен бұл істі өзімді таныту үшін немесе ақпарат құралдары көрсін деп жасаған жоқпын. Жұрт көрсін деп жасалған әрекет жақсылыққа жатпайды. Ол өзімшілдік болып кетеді», — деп жеткізді ол.

    Қазіргі таңда көптеген адамдар қайрымдылық жасаса, оны бірден суретке не видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратып жатады. Жұрт менің қайрымдылықпен айналысып жатқанымды көрсін дегендей. Қазақта оң қолың істеген жақсылықты сол қолың көрмесін деген сөз бар. Бірақ, бұл сөздің қазір қадірі қалып бара жатыр. Әр ісін жұртқа өзін жақсы жағынан көрсетуді ғана мақсат тұтқан адамдар тек мақтаншақтың ғана көрінісін көрсетуде.

    Айсұлтан  өзінің әлеуметтік желіде қалдырған жазбасында қайрымдылықтың қазіргі таңда пиарға айналып бара жатқанын жеткізді.

    Сондай-ақ ол мұндай істерді тек Алланың разылығы үшін ғана жасайтындығын айтып, басқа адамдарға да өзімшілдіктен арылуға, қайрымды істі жария қылмауға кеңес берді.

    қатысты посттар

    Дариға Назарбаева Қытай елшісімен кездесуде этникалық қазақтар проблемасын көтерді

    Некесіз туған балаға да алимент төленеді

    Француз депутаты коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.