-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау әрбір мекеменің міндеті

    Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттілігі бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау туралы тапсырмасының орындалуы бойынша қалаәкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен бейнебайланыс арқылы мәжіліс өтті.

    Мүгедектерге қолайлы орта құру мәселесі бойыншаатқарылған жұмыстар жайын баяндаған қалалықжұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаубасқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов осы жылы қалада 37014 мүгедек азаматтар есептетіркелгенін айтып өтті.

    Оның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар адамдарғатең мүмкіндіктер жасау мақсатында бүгінгі таңдақала бойынша 931 нысанда мүмкіндігі шектеуліжандардың жүріп-тұруына бейімделген жәнеесіктердің арақашықтығы мен дәретхананысәйкестендіру жұмыстары жасалған. Сондай-ақ, бейімдеуге жататын 55 нысанның 23-і бейімдеуденөтсе, қалған нысандардағы бейімдеу жұмыстарыжылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

    «Көліктік инфрақұрылымды дамыту бойыша қалакөшелерінде   246 дана – «Зағип жаяу жүрушілер» жол белгілері, бағдаршам нысандарында қосымша80 дана – дыбыс құралдары орнатылған. Ал қаланың 45 жерінде арнайы тұрақтарұйымдастырылып, «Мүгедектер» жол белгілеріорнатылған және жол таңбалары сызылған»,-дедібасқарма басшысы.

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта құрубағытында бірқатар проблемалық мәселелердің бар екенін айтқан мекеме басшысы ғимараттардамүгедектерге арналған нысандардың стандартқасай жабдықталмай жатқанын назарға алды.

    Баяндамашыны мұхият тыңдаған МұратДүйсенбекұлы мүгедектерге қолайлы жағдай жасайалмасақ, олардың күнделікті өмірінде  кездесетінқиындықтардың шешімі табылмайтынын айтты. Олардың қоғамға араласып, қажетті нысандарғаемін-еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасауәрбір мекеме, ұжым басшыларының басты міндеті. Сондықтан қолайлы орта жасау жұмыстарынабарша мекемелер жұмыла кірісуі қажет деді,-қалаәкімі.

    Бұдан бөлек, шаһар басшысы мүгедектергежасалған қолайлы жағдайдың талапқа сайжүргізілуін бақылау мақсатында аудитпен біргерейдке шығуды тапсырды. Оның қорытындысыбойынша баяндап, нәтижеге қол жеткізу үшінарнайы жұмыс жоспарын әзірлеуді айтты.

     

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Фариза

    Сапарбаев: Тұрмысы төмен отбасылар көмекті ақшалай емес, тауар ретінде алады

    Фариза

    Шымкент: цитадельдегі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.