-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    98 баптан тұратын Конституциямызда ұлтты қорлайтындарды жазалауға арналған бір заңның болмағаны ма?

    Қара пияр арқылы елге атын шығаруды мақсат тұтып, жаман атпен танылудан арланбаған азаматтардың қарасы әлі де азайған жоқ. Кейбірі жалаңаш суретін әлеуметтік желіге таратумен әлек болса, енді бірі қазақтың ұлттық салт-дәстүріне тән дүниелерді қорлаумен айналысуда. Соның бірі осы уақытқа дейін қазақ сәукелесі мен қазақи әшекейлерді тағып, жалаңаш суретке түсіп халықтың ашуын туғызған Шырын Нарчаева. Қаншама сын мен ескертулер жасалса да, бойжеткен мұндай әркеттеріне мүлдем өкінбейтін болса керек. Жалаңаш суретімен қазақылықты қорлаған бикештің бүгін тағы да шулы суреті әлеуметтік желіге тарап кетті.

    Қазақ халқы «Ас атасы нан» деп ішер асына да құрметпен қараған. Қазақ ұлтының намысына тиюді әдетке айналдырған Шырын Нарчаева бұл жолғы суретіне қазақтың ұлттық асы бауырсағын таңдап алған екен. Оның жалаңаш денесімен бауырсақты ұстап түскен суреті халықтың ашуына тиіп, жұртшылық оның заң алдында жауап беруін талап етуде.

    «Әрбір қазақ ұлтының жанына бататын құндылықтарды аяққа таптау арқылы хайп жасауды әдетке айналдырды. Шара қолданбайтынын біледі. Бізде шараны карантин кезінде шекара өтіп бара жатқан зейнеткерге жақсы қолданады. Бұл азаматшаның жеке мәліметін анықтап, үстінен әкімшілік құқық бұзушылықтың 434-бабы бойынаша із қозғау керек» — дейді әлеуметтік желі қолданушысы.

    Осы уақытқа дейін де осындай әрекеттерге байланысты халық қанша рет биліктен тиісті шара қолдануын талап еткен болатын. Дегенмен, бойжеткеннің мұндай ерсі, әрі ұлттық құндылықты қорлайтын әрекеттері тиылар емес. Сәукелені, қазақтың ұлттық әшекейін, одан қала берсе ұлттық валютаны, ал бүгін ұлттық тағамды қорлауда. Расында, біздің заңның күші әділдік іздеп Ақорданың алдына жиналған көпбалалы аналар мен өз үйіне жете алмай шекарадан аспақ болған зейнеткерлерге ғана жете ме? Жоқ, әлде, 9 бөлім, 98 баптан тұратын Конституциямызда ұлтты қорлайтындарды жазалауға арналған бір де бір заңның болмағаны ма? Ұлттың мүддесін қорғай алмаған заң бар қазақтың құқығын қалай қорғамақ? Ұлттық құндылықты қорлағанды жазалауға біздің биліктің күші жетпей ме, жоқ, әлде, басшылықта осындай бассыздыққа қарап отыра алмайтын  бірде-бір елінің патриоты болмағаны ма?

    Заң бәріне ортақ. Дегенмен, бұл жай ғана сылдыр сөз сияқты. Халық заңды да басқасында алға тартып жазалауды талап еткенімен, бұл іске бетін бұрған бір басшыны көрмедік.

    Сондай-ақ біраз уақыт бұрын Шырын Нарчаева болашағын Қазақстаннан көрмейтінін, мүмкіндігі болған бетте шетелге кететінін айтқан болатын.

    Фариза Жомартқызы

     

    қатысты посттар

    Жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық? — Айгүл Орынбек

    Фариза

    «Мені адам құрлы көрмей, дөрекі сөйлеп тұрсыз» Бозымбаевтың тұрғындармен әңгімесі видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Феминистер әйел құқығын қорғау үшін емес, өздеріне ұпай жинау үшін шеру өткізді – Абзал Құспан

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.