-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Коронавирустан көз жұмған жүкті келіншектің жақындары шындықтың бетін ашты

    Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Гүлмарал Талғатқызы коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Бір жыл бұрын тұрмысқа шыққан жүкті келіншектің қауіпті дерттен қайтыс болғанына жақындары сенбейді. Олар неліктен марқұмға Covid-19 диагнозы қойылғаны келіндері көз жұмғаннан кейін ғана естігенін түсінбей әлек. Марқұмның күйеуі ауруханада қасында бірге жатқан анасынан қауіпті дертті анықтайтын  анализдің алынбауы, жақындарын карантинге жатқызбауы күмән тудыратын жағдай деп атап өтті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Серік Әбдірейімұлы 31 арнадағы Ирина Советжанқызы жүргізетін «Сөздің шыны керек» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

    Азамат өткен жылы наурыз айында отау құрғанын, осы жылы сәбилі болатынын білгенде жары екеуі қатты қуанғанын айтты. Алайда Гүлмаралдың таксикозы күшейіп, алдымен оны Еңбекшіқазақ ауданындағы ауруханаға алып барған, артынша тіркеуі Алматыда болғандықтан, қалалық төртінші ауруханаға ауыстырылыпты.

    «Екі күннен кейін бізге айтпай, іштегі баланы алып тастады. «Барлығы жақсы, палатаға шықты» деді. Қасына біреу келіп жатса болады деді. Содан енем барып, екі күн қасында жатты. Екі күннен соң қайтадан реанимацияға түсті», — деді марқұмның күйеуі.

    Ол медициналық мекемеде жанында болған анасынан, жақындарынан коронавирусқа сынама алынбағаны бірден күмән туғызды деп отыр. Серіктің сөзінше, ешкім карантинге де жабылмаған. Ер адам дәрігерлермен сөйлескенде, олар «диагнозды өздері қоймағанын айтты» дейді.

    «Білмеймін, біз оны шеше алмаймыз. Біздің қолымызда тұрған нәрсе емес. Жоғары жақтың нәрсесі» деді. Коронавирус диагнозын кім қойды деп едік. «Біздің басымыз екеу емес» деп жауап берді», — деді Серік.

    «Тағдырдың басымызға салғаны шығар деп, әйелімнің қазасына көнген едік, бірақ мәйіті фанерлі табытқа салынып, қабіріне хлор шашып, жаназасын шығарған сәт жанымызға батты деп отыр», — дейді марқұмның күйеуі.

    Серік сол себепті әйелінің өлімінің себебін анықтағысы келетінін түсіндірді. Бұл даулы мәселеге байланысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірген.

    «Біз қайтыс болған жанның отбасы мен туған-туысының кайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Сіз айтқан жағдай бойынша жүкті әйел Алматы облысы және Алматы қаласындағы клиникаларда стационарлық емдеуге жатқызылған. Ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Жүктілігіне байланысты тоқтаусыз құсып, ауыр метаболикалық асқынулармен және COVID-19 инфекциясының ауыр формасымен ауырған. Өкінішке қарай, дәрігерлердің 25 күн бойы жүргізген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды. Ол COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған жандарды жерлеу тәртібіне сәйкес жерленді», — деді ведомство.

    Телеарна мәліметінше, Гүлмаралға жалпы екі ота жасалған, оның біреуін ғана жақындары біледі екен. Еске сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желіде Сауле Алипова есімді оқырман коронавирустан көз жұмған келіншектің өлімінде шикілік көп екенін мәлімдеген.

    қатысты посттар

    Алматыда бизнесмен Алмас Әбдіғаппаров қамалды

    Фариза

    Орал тұрғыны марқұм белсенді Дулат Ағаділді еске алып, пикет өткізді

    Фариза

    42 500 теңгені заңсыз алғандар жәрдемақыны Үкіметке қалай қайтара алады?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.