Шымкентте балабақшалардың балалардықабылдауы бойынша жаңа алгоритм қабылданды. Енді балалар мен ондағы тәрбиешілер алдыменденсаулығы жөнінде мекен-жайы бойыншабекітілген емханадан арнайы анықтама алуы тиіс. Саулығын дәлелдейтін құжат бүлдіршіннің өзге де туыс-жақындарынан талап етілмек. Бұл жөніндеШымкент қаласы білім басқармасының басшысыЖанат Тәжиева мәлімдеді, деп хабарлады «Оtyrar.tv»kz сайты.
Айтуынша, бақшадағы жаңа жүйе — кішкентайлардың ғана емес, олардың жақындары, жалпы қоғамның қауіпсіздігі үшін қолға алынған. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдар бірденондаған баланы қабылдамай, тиісінше әр топтағыбала санын қысқартуды (10-15 бала) көздеп отыр. Қазіргі кезде осы мақсатта арнайы тізімжасақталып жатыр екен, яғни ата-аналарыжұмысбасты жандардың перзенттері үшін 25-мамырдан бастап қызмет етпек. Және онда келушібалалар мен барша қызметкерлердің сәт сайын денеқызуы тексеріліп, қолдары арнайыантисептиктермен залалсыздандырылып отырмақ.
Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білімбасқармасының басшысы: «Алгоритмге сәйкес, бірінші кезекте баланы педиатрдыңанықтамасымен қабылдайтын боламыз, яғнибаланың денсаулығы жақсы екенін дәлелдейтінқұжаттарды сұраймыз. Сонымен қатар, балабақшадағы қызметкерлердің де денсаулықтарыжөнінде әрқайсысынан анықтамасын талап етеміз. Бұдан бөлек, ата-анасы немесе олармен қарым-қатынастағы туыстарының да саулығы жазылғанқұжаттарын сұратып, арнайы тексеруден кейін ғанабалаларды балабақшаға кіргіземіз».
Қаланың бас педагогы сақтық шаралары үшінбалалардың ара-қашықтығы сақталып, балабақшааумағы, ғимараттың іші мен сырты толығымендезинфекцияланып, санитарлық талаптар қатаңсақталатынын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде миллионды қала — Шымкентте барлығы 529 балабақша бар. Оның 81-сі ғана мемлекеттің меншігінге тиесілі екен. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда қазіргі уақытта 77 271 бала тәрбиеленуі тиіс.
Г. ҚАПАЛ