-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Су тасқынында қатты зақымданған 5 үй қайта салынады

    Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан 5 үй салынатынболады. Құрылыс жұмыстарына қордан қажетті қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасарыБауыржан Мамыталиев аталған елді мекенніңтұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті.

    «Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінген. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталатынболады. Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда аяқтауды айттық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдіңзақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болсаәлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиістіқаражат бөлуді қарастыратын боламыз»,-дедіБ.Мамыталиев.

    Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары су басып өткенаулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысынтексерді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабындақазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпынакелтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұлжұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жекеқұрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.

    «Үйімізді арнайы әлеуметтік қордан салып беретінін естіп, қуанып қалдық.  Жергілікті билік қолдан келгенше көмекберіп жатыр. Төтеншеліктер мен әскер қызметкерлері де тәулік бойы жұмыс атқарып аулалар мен көшелердітазартуда»,- деген ауыл тұрғындары қалпына келтіружұмыстарына атсалысып жүрген барша азаматтарғаалғыстарын жеткізді.

    Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан аула аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастардышығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда.  Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатынекі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартты.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды

    Фариза

    Қызылордада жыл соңына дейін мыңға жуық отбасы баспаналы болады

    Фариза

    Жамбыл облысына «Комирнати» Pfizer вакцинасы жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.