8 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкент: Қаладағы 4 су қоймасында су мөлшері қалыпты

    Шымкент қаласы аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында  қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков қала әкіміне Шымкенттегі су қоймаларының жағдайы жайлы баяндады.

    Мәселен, 1983 жылы салынған Текесу су қоймасының қазіргі сыйымдылығы 481 млн текшеметр. Бүгінде онда жиналған су мөлшері 50 пайызғана. Ал, Абай ауданы аумағында орналасқан«Ақжар» су қоймасы 723 млн текше метр суды ұстап тұруға қауқарлы. Су қоймасы күні бүгінгедейін 68 пайызға толыпты.

    Мұнан бөлек, Елтай елдімекені маңындаорналасқан «Бадам» су қоймасының сыйымдылықмөлшері 61,5 млн текше метр. Қазір онда толған су 90 пайыздан асқан. Жағдай мамандардың тұрақты бақылауында. «Тоғыс» су қоймасы толса, 4,6 млнтекше метр су жинай алады. Қаладағы Тоғыстұрғын алабында орналасқан су қоймасына дәлқазіргі таңда 19 пайыз ғана су келген.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Жаңа технология – мол өнім кепілі

    Алматыда заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бір ХҚО іске қосылды

    Фариза

    Шымкент: дәрігерлер сақтық шараларын ұстану қажеттігін ескертеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.