-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкентте коронавирусқа қарсы скрининг тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы ӘбдіманапТөлебаев және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары АйгүлБекбауова қатысты.

    Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қаладағы кәсіпорындарда коронавирус инфекциясына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Инфекция жағдайының өсуі ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда байқалады. Бұл ретте137 жағдай анықталған, оның ішінде 96-сы ПЕТРО КАЗАХСТАН қызметкері, 12 қосалқы қызмет көрсететін мекеме қызметкерлерлері, қарым-қатынаста болған 29 адам. Зауыт аумағында қызметкерлерге медициналық қызметті «Медикер» ЖШС көрсетеді.

    2020 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 60 жаңа зертханалық расталған СOVID — 19 жағдайы анықталды. Ал бүгінгі күнге дейін қалада коронавирустық инфекцияның 404 жағдайы тіркелді (COVID-19).

    Ербол Әбілхайырұлының мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы скрининг тексеру жұмыстарықоғамдық көлік қызметі өкілдері арасында да жүргізіледі.

    Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында 183 пациент коронавирустан сауығып, үйлерінешығарылды. Стационарларда барлығы – 216 адамкоронавирустық инфекциямен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 науқаста симптомсыз жағдай.

    Сондай-ақ, қауіп тобындағы контингенткежоспарлы тестілеу жүргізіледі, оларғамедициналық қызметкерлер және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер, созылмалыаурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғаларжатады. 16552 адамнан тұратын тестілеугеарналған контингент анықталды.

    Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларғақатысатын орталық және жергілікті мемлекеттікоргандар қызметкерлерінің ішінен 2 028 адам(49,1%) тестіленді, ЖРВИ және пневмонияменемдеуге жатқызылған адамдардан 3046 адам(55,2%), медициналық қызметкерлер мен COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер 1 547 адам(22,4%) тестіленді. Тестілеуге жататынконтингентті қамту — 40%.

    Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудепартаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасыныңбақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Қызылордада көтерме-тарату орталығы салынады

    Фариза

    «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кедендерінің арасындағы өзара алмасу жосықсыз СЭҚҚ қадағалайды»

    Фариза

    Тоқаев: Олардың алдында кешірім сұраймыз…

    Пікір қалдыру

    one × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.