15 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді? Президент қандай тапсырма берді?

    17 мамыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Президент туған күнін қалай атап өтпек, бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында айтып өтті.

    Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері “Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?” деген сауал жолдап жатыр.

    Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған.

    Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде. Қазірдің өзінде көптеген Мемлекет және Үкімет басшыларының, Парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр. Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын.

     

    қатысты посттар

    “Ондай тапсырма берген жоқ” – Берік Уәли Президенттің мерекедегі демалысқа қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді

    Назарбаев туралы мақала жазған қазақ журналисі сотталуы мүмкін

    Фариза

    Басы дауға қалған Павлодар облысы әкімінің қайда екені белгілі болды

    Пікір қалдыру

    19 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.