-6.1 C
Алматы
Четверг, 19 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Тарих

    Елтайда жаңбырдан кейінгі қауіп сейілді

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновкеше кешке қатты жауған жауынның салдарынан су басқан Елтай тұрғын алабына арнайы барды. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арадаосы салаға жауапты орынбасарыныңтөрағалығымен тасқын зардаптарын жою жәнеалдын алу  жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.

    Мамандардың пікіріне сүйене алдағы үш күндетолассыз жауын-шашынның болатынын айтқанМұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінезтанытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуінқатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сонымен қатарәкім жауыннан келетін қауіпті алдын-ала болжайалмаған жауапты лауазымды азаматтарға тиістішара көрілетінін мәлім етті.

    Айта кетейік, кеше сағат 19.14-те Шымкент қаласыЕңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты нөсерсалдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынансекундына 3-5 текше метр су келген. Судың деңгейі20-50 см құрапты. Көп мөлшерде келген судан арықарнасынан асып, соның салдарынан тұрғынүйлердің аулаларын су басқан. Жалпы 60 тұрғын үйаулаларын су басты және 3 шаруашылық құрылысықирады. 150 адам №119, №41 мектептердеқұрылған эвакуациялық пункттерге көшірілген. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшінШымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылып отыр.

    Қазіргі таңда қауіпсіздікті сақтау мақсатындақұзырлы мекемелер тарапынан қажетті көмеккөрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Бизнесмендер үшін жақсы жаңалық — Президент салықтан босатуға тапсырма берді

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ 7 АЙДА 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

    Фариза

    «Халқымның кәдесіне жарасам болды» — тарихи фотосуреттегі қыздың кім екені белгілі болды

    Пікір қалдыру

    3 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.