Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нөсер жаңбырдан Түркістан облысының бірнеше елдімекенін су басып, халық эвакуациялануда

    Түркістан облысы апаттан көз ашар емес. Мақтараарлдағы су тасқанын ретке келтірмей жатып, облыстың тағы бір өңірін су басып қалды. Жаңбыр салдарынан пайда болған тасқын судың залалынан қазіргі таңда Төлеби ауданының тұрғындары баспанасын тастап, эвакуациялануға мәжбүр болып отыр.

    Сонымен қатар Ленгір қаласындағы орталық көшелерде су толды. Ең күрделісі, Киелітас ауыл округіне қарасты Сұлтанрабат ауылының Сауран көшесімен судың ағып өтуі күрделі жағдайды қалыптастырып, бірнеше үйдің ауласына, үйінің ішіне су кірген. Төлеби ауданының әкімдігі нөсер жауын орын алған сәттен бастап оқиға орнында болып, төтенше жағдай орын алған аймақтарды ретке келтіру шараларын ұйымдастырып жатыр. Бүгінгі таңда облыстық және аудандық төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмылдырылуымен зардап шеккен тұрғындар Ленгір қаласындағы №8 колледж ғимаратына эвакуациялануда.

    Редакциямызға келіп түскен ақпараттарды негізге алсақ, тасқын су үйлерді басып үлгерген. Тіпті шыдамай құлап қалып жатқандары да бар.

    https://youtu.be/nYUJyiT8Jeg

    қатысты посттар

    Бір арнада «Қалаулым», бір арнада «Өз ойым». Бұл не сұмдық?

    Анасын қорғамақ болған жас жігіт өзінің егізін пышақтап өлтірді

    Нұр-Сұлтанда гей жігітті зорлап, бопсалау арқылы 3 миллион талап еткен жігітердің қылмысы әшкере болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.