Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Білім және ғылым

    ҰБТ — 2020: санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

    Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтеді. Білім сынағын тапсыруға Шымкенттен 7 мыңнан астам түлек өтініш білдірген. Тест тапсыру пәндерінде өзгерістер жоқ.

    Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптың 4-тоқсанында өткен бағдарлама сауалдары болмайды. Өйткені, оқушылар биыл карантин мен төтенше жағдайға байланысты соңғы тоқсанды қашықтан оқыды. Сондықтан осындай жеңілдік жасалып отыр. Алайда, тест тапсырудағы талап қатал.Егер оқушы білім сынағы кезінде ұялы телефон немесе түрлі көмекші құралдар пайдаланғаны дәлелденсе, жинаған ұпайы желге ұшады. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, тестілеу маусымның 20-сы мен 5-шілде аралығында Шымкенттегі 4 пункітте өтеді. Білім сынағы дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бірақ, санитарлық режим қатаң сақталуы тиіс.

    Түлектер бір бірінен алшақ отыруы үшін бір мезетте аудиторияда болатын оқушылардың саны да шектеледі. Ал екі тоқсанды қашықтан оқыған оқушылар аттестат алу үшін мектепке баратын болды. Соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері мектеп алулаларында, ашық аспан астында өтеді. Мұндай шараларға рұқсат беру эпидемиологиялық жағдайдың біршама жақсаруы нәтижесінде мүмкін болып отыр.

    «Айтпақшы, аста-төк дастархан, қызылды-жасылды киім-кешек, кортеж жасап,қыдыру. Бас ыартық шығынға биыл жоқ»,-дейді білім басқармасының басшысы. Түлектерге білімін растайтын аттестат соңғы қоңырауда табыс етіледі. Ал, оған түлектер тек мектеп формасымен келулері тиіс. Тәртіпке бас имегендерге қатаң шара көріледі.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Атаулы әлеуметтік көмектің шарттары өзгеруі мүмкін

    ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТТІ ИГЕРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

    Фариза

    Шымкентте коронавирусқа қарсы скрининг тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.