-2.1 C
Алматы
Четверг, 19 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда 11 мамырдан кейін де периметр бойынша орналасқан блок-бекеттер ашылмайды. Карантин режимі жалғасады

    Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб: карантин режимі сақталады

    Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб мегаполис аумағында карантин режимінің сақталатынын хабарлайды. Бұл ретте карантин режимі аясындағы шектеу шаралары, атап айтқанда, ағымдағы жылдың 11 мамырынан бастап Штабтың ерекше өкіміне дейін жалғасады.

    Қаланың периметрі бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы бұрынғы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қалада жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуға тиіс. Оған қоса Штабтың шешімімен қалада жұмысына рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Атап айтқанда:
    — мемлекеттік және құқық қорғау органдары;
    — коммуналдық қызметтер;
    — өнеркәсіп;
    — құрылыс;
    — жобалық ұйымдар;
    — жылжымайтын мүлік агенттіктері;
    — ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);
    — нотариустар;
    — адвокатура;
    — азық-түлік дүкендері мен базарлар;
    — кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);
    — медициналық клиникалар;
    — стоматология;
    — зертханалар;
    — дәріхана;
    — көлік және логистика;
    — дистрибуция;
    — ЖҚС;
    — онлайн жеткізу;
    — Екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ға дейін);
    — сақтандыру;
    — ломбардтар;
    — бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);
    — ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
    — азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 м2 дейін;
    — ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;
    — шаштараз;
    — фотосалондар;
    — гүл павильондары;
    — химиялық тазарту (кір жуу орындары);
    — техника және аяқ киім жөндеу орындары;
    — баспа үйлері;
    — айырбастау пункттері;
    — ветеринарлық қызметтер.

    Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін).

    Осыған байланысты азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертеміз. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

    қатысты посттар

    Шымкенттік әке 15 жастағы жаңа босанған оқушы қызын үйден қуып жіберді

    Фариза

    «Ұрып-соғып, жағын таңып тастаған»: Жамбыл облысында дәрігер мүгедек науқасты соққыға жыққан

    Фариза

    «Халықты неге алдап отыр? Қытайдан вирус кіргізіп халықты қырайын деп отыр ма?»

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.