8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкенттік “Вal-tekstil” кілем фабрикасы мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілем жіберді

    Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына көмек қолын созудан Шымкенттегі  “Bal-Tekstil” кілем фабрикасы да шет қалған жоқ. Бүгін Атакентауылындағы облыстық штаб қоймасына жалпысомасы 6 млн теңгелік 404 кілем келіп жетті. Аталған кілем керуенін  “Nur Otanпартиясы саясикеңесінің мүшесі, “Bal-Tekstilкілемфабрикасының директоры, белгілі кәсіпкер-меценат Талғат Исқақов мақтааралдықтарға деп арнайы сыйретінде жөнелтіпті.

           “Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан  6 мыңға жуық тұрғын зардап шекті. Мыңға жуықотбасы баспанасынан айрылды. 8 мың  гектарғажуық  егістік жер мен  мал-мүліктерін  су шайыпкетті.  Осыны ескере отырып, біздің ұжым да Мырзашөл халқына көмек қолын созуды азаматтықборышымыз деп санаймыз. Біз жіберген кілемдержаңа үйге кіріп, қоныс тойын тойлайтынтұрғындарға тегін таратылатын болады“, – дейді   “Bal-Tekstilкілем фабрикасының директоры  Талғат Исқақов. Қоймаға келіп түскен кілемдердіңкөркі көз тартады. Көлемдері де сан қилы. Үйгетөселетін шағын әрі ірі кілемдер облыстықштабтың арнайы жиһаз, көрпе-төсек жиналатын қоймасына түсірілді.  Айта кетейік, бүгіндеоблыстық штаб қоймасында 300 мың тоннаданастам гуманитарлық көмек келіп жеткен. Оның 91 мың тоннасы эвакуация орындарына таратылыпберілген.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте «Мектепке жол» акциясы аясында 42 мыңнан астам балаға көмек беріледі

    Фариза

    Алматы облысында екі жасөспірім гараждан өлі табылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КӨЛЕМІ АРТУДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.