Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • АймақтарҚоғам

    Шымкенттік «Вal-tekstil» кілем фабрикасы мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілем жіберді

    Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына көмек қолын созудан Шымкенттегі  «Bal-Tekstil» кілем фабрикасы да шет қалған жоқ. Бүгін Атакентауылындағы облыстық штаб қоймасына жалпысомасы 6 млн теңгелік 404 кілем келіп жетті. Аталған кілем керуенін  «Nur Otan» партиясы саясикеңесінің мүшесі, «Bal-Tekstil» кілемфабрикасының директоры, белгілі кәсіпкер-меценат Талғат Исқақов мақтааралдықтарға деп арнайы сыйретінде жөнелтіпті.

           «Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан  6 мыңға жуық тұрғын зардап шекті. Мыңға жуықотбасы баспанасынан айрылды. 8 мың  гектарғажуық  егістік жер мен  мал-мүліктерін  су шайыпкетті.  Осыны ескере отырып, біздің ұжым да Мырзашөл халқына көмек қолын созуды азаматтықборышымыз деп санаймыз. Біз жіберген кілемдержаңа үйге кіріп, қоныс тойын тойлайтынтұрғындарға тегін таратылатын болады«, — дейді   «Bal-Tekstil» кілем фабрикасының директоры  Талғат Исқақов. Қоймаға келіп түскен кілемдердіңкөркі көз тартады. Көлемдері де сан қилы. Үйгетөселетін шағын әрі ірі кілемдер облыстықштабтың арнайы жиһаз, көрпе-төсек жиналатын қоймасына түсірілді.  Айта кетейік, бүгіндеоблыстық штаб қоймасында 300 мың тоннаданастам гуманитарлық көмек келіп жеткен. Оның 91 мың тоннасы эвакуация орындарына таратылыпберілген.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Б. Сапарбаев: «Баға бақылауда болуы тиіс»

    Фариза

    Шымкенттен 173 азамат праймеризге қатысуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ЕРІКТІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.