-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Қоғам

    ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ФАШИЗМ МЕН НАЦИЗМДІ ЖОЮДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҮНДЕУІ

    Біз, Әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, адамның табиғи болмысына, оның ажырамас құқықтары мен қадір-қасиетіне нық сеніммен бейбітшілік пен келісімге, өзара құрмет пен ынтымақтастық және адамзат бауырластығының идеяларына адалдығымызды тағы да дәлелдейміз.

    Біз адамзаттың ортақ игілігі жолында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандарды еске алу және татулық күніне орай, фашизм мен нацизмді жоюдағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту жөніндегі игі бастама үшін мемлекеттер мен қоғамдарға зор ризашылығымызды білдіреміз.

    Біз әр халықтың өзінің рухани құндылықтары мен мұраттарына сәйкес, жер бетіндегі барлық халықтармен аманшылықта, бейбітшілікте, өзара құрмет пен үйлесімде өмір сүретін азаматтық қоғам қалыптастыру жөніндегі мемлекеттердің, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да мүдделі халықаралық және аймақтық ұйымдардың келешектегі әлемдік тәртіпті құру жөніндегі сындарлы күш-жігері мен қызметін қолдайтынымызды жеткіземіз.

    2019 жылдың 4 ақпанында Абу-Дабиде Ұлы Имам Әл-Азхар Ахмад Мұхаммед аль-Тайиб пен Рим Папасы Франциск қол қойған «Бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүру үшін адамдар арасындағы бауырластық туралы құжаттың» негізгі қағидаларын, сонымен қатар 2019 жылдың 27-29 мамырында Меккеде өткен халықаралық конференцияда ислам ғалымдары қабылдаған Мекке Декларациясын қолдай отырып, жалпы адамзаттық құндылықтар – ынтымақ пен рақымшылық төңірегінде адамдарды біріктіруге баса назар аудару және қарулы қақтығыстарды тоқтату үшін әлемнің түкпір-түкпіріндегі атысты тез арада жаһандық тұрғыда тоқтатуға бағытталған ақылға қонымды, дәйекті, болашаққа бағытталған іс-әрекеттердің уақыты келді деп санаймыз.

    Әлем қоғамдастығының COVID-19 пандемиясымен күрестегі ортақ күш-жігері мен барлық діндердің басты қағидалары аясында Рим Папасы Францисктің коронавирус пандемиясы туралы «гуманитарлық көмек бағыттарын қалыптастыруға, дипломатия үшін ашық болуға және ауыр жағдайда жүргендерге назар аударуға» шақыруларына ниеттестігімізді білдіреміз.

    Біз Жаратқанға шынайы сенім білдіре отырып, ХХІ ғ. екінші онжылдығының соңында барлық халықтар мен мемлекеттердің басына түскен жаманшылықтар мен қайғылар кейінгі ұрпаққа сабақ болуына, сенім, тәртіп, ынтымақ, адамгершілік ережелері мен әдептілікті ұстануға, мәдени, ұлттық, діни және тілдік айырмашылықтарға қатысты шыдамдылық, түрлі мәдениеттер мен елдердің адамдары арасындағы өзара түсіністік пен достық халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді жеңуге көмектесе алатынына дұға етеміз.

    Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына тағзым ете отырып, бүкіл адамзатқа орны толмас қайғы әкелген бұл соғыстың зардабы барлық мемлекет қайраткерлеріне және саяси көшбасшыларға, болашақ ұрпаққа сабақ болуы тиіс екенін мәлімдейміз.

    Біздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласында он жеті жыл бойы кездесуіміз діни көшбасшылар арасындағы диалог барша адамзатқа ортақ құндылықтарды терең ұғынуға әрі түсінуге үлес қоса алатынын дәлелдеді.

    Біз әртүрлі өркениеттер, мәдениеттер, діндер мен сенімдер арасындағы сындарлы үнқатысу мен өзара түсіністікті дәйекті түрде қолдауға және мадақтауға әзірміз.

    Біз барлық мүдделі тараптарды бейбіт және үйлесімді қатар өмір сүруге әрекет етуді жалғастыруға және оны нығайтуға, жалпы адами міндеттер негізінде діни және мәдени алуандық пен қасиетті табыну орындарын құрметтеуге, қоғамдар мен халықтардың жергілікті және халықаралық деңгейлерде үйлесімді қатар өмір сүруі үшін ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділікті қоздыруды, кемсітушілікке арандатуды, дұшпандық және зорлық-зомбылықты болдырмауға, әлемде, әсіресе діндер арасында тұрақтылықты қолдау және нығайту жөніндегі күш-жігерді біріктіруге шақырамыз.

    Соғыс пен қақтығыстар мәңгілік артта қалсын!

    Жаратқан иеміз барлық елдерде бейбітшілік, амандықты нәсіп етіп, біздің рухани ынтымағымызға береке берсін!

     

    ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МЕН ӘРІПТЕСТЕРІ

    қатысты посттар

    «Қазақстанға келгенше, Үрімжіге барып тұрғаным артық…» — қазақ қызы Шұғыла

    Сауд Арабиясы коронавирусқа байланысты қажылыққа келуді уақытша тоқтатты

    Фариза

    «Жаңа Президент Тоқаевтың осындай жаңалықтарына қуанбағанда не істейсің?»

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.