-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    Бүгін мың айдан да қайырлы Қадір түні болуы мүмкін

    Бұл түн — аса қадірлі түн, өйткені арап тіліндегі «لَيلَةُ القَدر» сөзі: «қадірлі түн, құдіретті түн, маңызды түн» деген мағыналарды білдіреді. Бұл түн басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан атына заты сай «Қадір түні» деп аталған.

    Алла Тағала бұл өмірді сынақ ретінде жаратқан. Сондықтан да өмір ішіне өлімді, адамдар арасына әулие құлдарын, дұғаның қабыл болатын сәтін жұма күнінің белгілі бір уақытына жасырған. Осы ретпен рамазан айының қай түні қадір түні екенін де ашық білдірмеген.

    Қадір түнінің нақты қай түн екенін тек Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ғана білген. Алайда, әр істі белгілі бір хикметпен жарататын Алла Тағала пайғамбарымызға (с.ғ.с.) оны ұмыттырған.

    Жалпы алғанда, хадистерlt рамазан айының соңғы он күнінде, оның ішінде тақ санды күндерде, тіпті айдың жиырма жетісінде делінген. Бұл да пенденің Алланың разылығына жеткізетін істерді істеуге, түндерді іздеуге қызықтырады. Алайда, мұсылманның тек осы күні ғана сауапты істерді істеп басқа күндерді босқа өткізу жеткілікті деуге болмайды. Сол үшін де бұл түнді жасырып қойған. Сондықтан мұсылман барлық күндерін осы қадір түні секілді біліп, маңызды санап, дұға-тілекпен, құлшылықпен өткізсе, қадір түніне де дөп басуы мүмкін. Ата-бабаларымыз «әр келгенді Қыдыр біл, әр түніңді қадір біл» дегеніне сай рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек, қадір түнін өткізіп алмас едік.

    Ал тағы бір ғалымдардың көзқарасы бойынша, Қадір түнін Хижра жылы бойынша Рамазан айының 17 жұлдызынан бастап іздеу керектігі туралы пікір қалдырады:

    (وَمَا أَنزَلْنَا عَلَىٰ عَبْدِنَا يَوْمَ الْفُرْقَانِ يَوْمَ الْتَقَى الْجَمْعَانِ)

    Әнфал сүресінің 41-ші аятында «Біз Құранды құлымыз Пайғамбарымызға екі топ, яғни мұсылмандар мен мүшріктер кездескен күн — фурқан күні түсірдік», деп айтылған.

    Осы аяттың тәпсірінде Абдуллаһ ибн Мәсғуд р.а., Хасан бин Әли р.а. сияқты сахабалар былай деген: Екі топтың кездескен күн- фурқан күні яғни хақ пен батылдың ажыраған күні. Ол күмәнсіз бәдір соғысы болған күн. Бәдір соғысы Рамазан айының 17-ші түнінің күндізінде болды.

    Жоғарыда аятта «Құранды фурқан күні түсірдік» дейді. Олай болса Бәдір түні мен Қадір түні бір түн екендігі жайлы көзқарас бар дейді кейбір тәпсір ғалымдары. (Ибни Кәсир тәпсірі)

    Сонымен қатар Әбул Хасан Харқани қ.с. және Абдулуәһһаб ШАРАНИ р.а. тың 30 жылдық есеп-тәжірибесі бойынша ИншаАллаһ бүгін — сенбіден жексенбіге қараған түн — Қадір түні болуы ықтимал ИншаАллаһ.

    Рамазан айының ортасынан кейін жалпы тақ түндерді қадір түні деп ойлап өткізу абзал. Олар 17-19-21-23-25-27-29 тақ түндер. Себебі Пайғамбарымыздың қадір түнін соңғы тақ түндерінде іздеңдер деген хадистері бар.

    Ия, расында, Қадір түнінің нақты қай күн екенін ешқайсымыз білмейміз. Анығы тек Аллаға ғана аян. Сондықтан, Рамазанның соңғы күндерін құлшылыұпен өткізіп, қасиетті Қадір түнін құр өткізіп алмаған жөн.

    Қадір түнінің белгілері қандай болады?

    Әбу ибн Кағб Алла Елшісінен (с.ғ.с.) қадір түнінің белгілері жайлы мынадай деректер жеткізген:

    Ол түн тыныш болады. Қатты ыстық я қатты салқын да емес. Алла Тағала кейбір адамдарға түсінде немесе өңінде білдіреді. Сол түннің нұрлы екенін көреді. Кейде жүрегіне осы қадір түні екендігі білдіріледі. Алла Тағала барлығын білуші.

    Әбу Дәуіт: «Қадір түнінің таңында күн шуақсыз туады. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді болып көрінеді», – дейді.

    Бұл түн туралы Құран Кәрімнің “Қадір сүресінде” айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

    Қадір түні оқылатын дұғалар:

    1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек.

    Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

    Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

    2.Қадыр сүресі – 100 рет.

    Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

    Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

    3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

    Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

    4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

    Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

    5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

    6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

    Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

    қатысты посттар

    Дін жетпеген жабайы адамдардың о дүниедегі жағдайы не болады?

    «Пайғамбардың немерелерінің басын кесіп, футбол ойнаған» Футбол ойынының шын мәнінде қайдан шыққандығын білеміз бе?

    Фариза

    «Мен бір жерде ғана өтірік айтамын…» — уағызшы Абдуғаппар Сманов өзін қаралайтындарға жауап берді

    Пікір қалдыру

    11 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.