Мақтааралдағы техногендік апаттың салдарын жою үшін Шымкент қаласынан келген 35748 әскери бөлімі өздерінің кәсіби мерекелерінде толарсақтан саз кешіп, қызыл су басқан аймақтан табылды.
112 адамнан тұратын топты аталған әскери бөлім басшысының қару—жарақ жөніндегіорынбасары, подполковник Рахматулла Тасполаев бастап келіп, су астында қалған елдімекендерді тазалау және халыққа көмекберу жұмыстарын жүргізуде.
Жол талғамайтын 20 КаМАЗ техникасын алакелген әскери бөлім қызметкерлері менветеринарлық қызмет және әкімдік өкілдерімен бірге су басқан елдімекендер ішіне кіріп, аманқалған жан—жануарларды, заттарды халыққа жеткізуге көмек беріп жатыр. Бұл техниканың мал шығынын есептеуде де рөлі үлкен. Әскерилер адам аяғы бара алмайтын жерлерге кедергісіз барып, табылған мал өлекселерінқұрғақ жерге тасуда. Соның дәлелі ретінде елдімекендерге топ—топпен бөлінген сарбаздар күні бойы байлаулы тұрған бұзауды су құрсауынан аман алып шығып, ветеринар мамандарға табыстады.
Бұдан бөлек, мамандар Атакент ауылындағыкөмек қолын қажет еткен қоймаларға барып жүктүсіруге де жәрдем беруде.
Қызу жұмысқа кіріскен мамандар күні кешеӨргебас ауылында 10 жүк көлігіне тиелгенқұмды қапқа салып, ұзындығы 1,5 шқ болатындамба тұрғызды.
Г. ҚАПАЛ