Карантин кезінде ережені бұзған тағы бір шенеуніктік әрекеті әшкере болып қалды. Коронавирустан сақтану ретінде тыйым салынған моншада демалыс ұйымдастырып, оны видеоға түсірген шендінің бұл әрекеті әлеуметтік желілерге тарап үлгерген.
Әлеуметтік желіде тараған бұл видео авторының айтуынша, бұл шенділер Жаркент қаласының прокуроры мен Кербұлақ ауданының соты болып шықты.
«Ауылда тұрсақ та, жақсы демаламыз», — деп, мақтанып саунаны аралап видео түсірген шенділерге халық «Бұлардың коронавирустан өлген адамдарға түкіргендері бар», — деп ашуға булығуда. Сонда, карантин ережесі тек қарапайым халық үшін ғана орнатылғаны ма?
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының жемқорлықпен күрес бөлімінің қызметкерлерінің дәл осылай карантин ережесін бұзып, моншада демалып жатқан тұсынан ұсталған болатын.
Дәл осындай жағдай Алматы қаласында да орын алған. Карантинге қарамай VIP қонақтарға қызмет еткен моншаның қылығы да көп ұзамай әшкере болған.
«Ереже бәріне ортақ», — деген сөздің осындай кезде жай ғана сылдыр сөз екендігін байқайсың. Үйлеріне қамалып, карантиннің азабын тартып жатқан қарапайым халық қана. 42 500 теңгеге қол жеткізе алмай еңіреп отқан да тек халық. Ал сол 42 500 теңгені бір-ақ күнде саунаға жұмсайтын шенділердің мұндай әрекеті заңға бағынбаймыз дегені ме?