1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Елорда мен тағы бірқатар аймақта заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылды

    Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабтың шешімімен 4 мамырдан бастап елордада бір ХҚО мен мамандандырылған ХҚО жұмысын қайта бастады.

    Айта кетейік, Мәңгілік ел, 30 мекенжайында орналасқан ХҚО тек кәсіпкерлік субъектілеріне, ал мамандандырылған ХҚО автокөлік салондарына қызмет көрсетеді. ХҚО жұмыс кестесі 09:00-ден 17: 00-ге дейін.

    Қызмет алушылардың көптеп жиналуын болдырмау және вирус жұқтыру қаупін жою үшін ХҚО несиелеу бойынша оң шешім алған, әкімдіктің алдын ала ұсынған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Кәсіпкерлер ХҚО-да бизнесті жүргізумен байланысты қызметтерді, соның ішінде жылжымайтын/жылжымалы мүлікті кепілге қою шартын және оның қосымшасын тіркеу қызметтерін  ала алады.

    Мамандандырылған ХҚО-да көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі  тек автокөлік салондары үшін көрсетіледі. Олар да алдын ала әзірленетін кестеге сай қызмет алады.

    Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы ұсыну үшін Азаматтарға арналған Үкімет кәсіпкерлерге құжаттардың толық пакетін ұсынуды сұрайды.

    4 мамырдан бастап шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚО-лар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында да ашылды.

    Ал Орал, Қарағанды және Ақтау қалаларында жеке тұлғалар үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын жандандырды. Бірақ  коронавирус пандемиясына байланысты, онда тек онлайн түрде қолжетімсіз қызметтер бойынша қызмет алуға болады. Бұл ретте электронды үкімет порталы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала кезек уақыты брондалуы тиіс.

    Дегенмен, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

    ХҚО-да кезекке тапсырыс беру: https://egov.kz/services/SR.06/#/declaration/// немесе 1414 нөмірі арқылы.

    4 мамырда жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлерге қызмет көрсететін ХҚО және  жеке тұлғаларға арналған ХҚО тізімі: https://gov4c.kz/ru/zhanalyktar/2020/04/30/keibir-aimaktarda-khko-zhumysy-kaita-zhandanady/

    қатысты посттар

    Омбудсмен Арон Атабекті толық ақтау жөнінде өтініш түссе, қарайтындарын айтты

    Фариза

    Алматыда 1276 көп балалы отбасы пәтерге кезекте тұр

    Министр кей азаматтардың 42 500 теңгені екінші рет неге ала алмай отырғанын түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.