-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды: Карантиннен үйге қамалған халық енді топ-тобымен мектептерде түнеуге мәжбүр

    Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт АСАНОВ түнгі сағат 00:00-де төтенше жағдай жариялауға тапсырма берді, деп Sputnik хабарлады.

    Өзбекстанның Сырдария облысында орналасқан «Сардоба» су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты 2020 жылдың 1 мамыры күні сағат 16:00 шамасында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында бірнеше елдімекенде орналасқан коллекторларға су толған.

    Өзбекстан ТЖМ шұғыл мәліметіне сәйкес, сағат 20:15 шамасында «Сардоба» су қоймасы Қазақстан Республикасы аумағына су ағызуды тоқтатқан.«Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы әкімдігі шұғыл штаб құрды.

    Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің құрамы мен Мақтаарал ауданы әкімдігінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр«, — деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. 

    Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс елді мекені, Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс, Нұрлы жолелді мекендерін су басу қаупі туындап,  тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуциялау үшін аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан «Мырзакент» мектеп гимназиясында 600 орын, «С.Рахымов» атындағы жалпы орта мектепте 700 орын, «Пушкин» атындағы жалпы орта мектепте 400 орын, «Абылайхан» атындағы жалпы орта мектепте 500 орын дайындалды.

    Мақтаарал ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдай штабының төрағасы Бақыт Асановтың төрағалығымен 2 мамыр күні түнгі 00:00-де штаб мүшелерімен арнайы жиын өтіп, төтенше жағдай жариялауға тапсырма берілді.

    Қазіргі таңда Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс елдімекенінің тұрғындары қауіпсіз жерге жаппай көшіріліп жатыр, деп толықтырды баспасөз қызметі.Оқиға орнына Өзбекстан президенті Шавкат МИРЗИЁЕВ келіп жағдаймен танысты. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ағын су Сардоба ауданындағы Қорғантөбе ауылының біршама бөлігін басып қалғанын хабарлады.

    Ресми дерек бойынша 11,5 мыңнанастам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Су негізінен егіс алқаптарына зиян келтірген.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Түркістанда жарылыс салдарынан бірнеше адамды күйік шалды (видео)

    Фариза

    Солтүстік Қазақстан облысында 2 жасар сәбидің өлі денесі табылды

    8 сағат көлікте қамалып қалған егіз бүлдіршіндер көз жұмды

    Пікір қалдыру

    nine + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.