Шымкенттің Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін519 аула абаттандырылған. Биыл тағы 64, келержылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұлтуралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат ӘйтеновтыңТоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлімболды.
Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген балалар алаңшасына құрылғыларды арнайыРесейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. Бүгінде тұрғындар ол жерге видео камера орнатуды ойластырып жатыр. Тек пандемияғабайланысты елде жарияланған төтенше жағдай қолбайлау болып отырған көрінеді.
«Бұрын ойын алаңшасының орнында тозған кәрізжүйесінен аққан сасық су көлдеп, Бадам өзенінеағатын. Кәріз жүйесі мен ауыз сумен үлкен мәселееді. Қазір жағдай жақсарды. Кәріз жүесі жаңарып, тәулігіне 24 сағат тіршілік нәрі беріледі. Өткенжылы электр жүйесі тартылды. Сондықтан жүйеліжұмыстың арқасында бізде біртіндеп мәселелершешіліп жатыр. Әкімдікке алғыс айтамыз. Мынадай ойын алаңшасы Астанадан басқа ешжерде жоқ сияқты. Өздерінде ойын алаңшасы болсада, көршілес Маятас, Елтай, Айнатас елдімекендерінің балалары осында келіп ойнайды«, — дейді Мұнайбарлаушылар көшесінің төбе биіТалиба Бурковецкая. Тұрғындардың айтуынша, бүгінде көшені жарықтандыру мәселесі өзекті. Өзкезегінде Мұрат Әйтенов жарық шамдарынорнатудың оңтайлы жолдарын қарастырыпжатқанын жеткізді.
Г. ҚАПАЛ