-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкентте 11 елді-мекенге ауыз су жүргізіледі

    Шымкенттің дамуына биыл 440 млрд. теңгебөлінген. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуыншабұл қаржы тұрғын үй құрылысы мен қалалықтаркөтеріп жүрген коммуналдық мәселелер: коммуникациялар мен жолдарды салуғажұмсалмақ. Биыл 11 елдімекенге су құбырларытартылады. Көп жылдардан бері бұлшағынаудандардағы тұрғындарға ауыз су тасымалданып келген. 195 орамдағы тұрғылықтыхалықтың көптен бері коммуналдық мәселелерішешілмей келген. Ең маңыздылары ауыз су жәнеэлектр жарығы. Екі мәселе де осы жазда шешіледідеп уәде берді қала әкімі. Елдімекендегі тағы бірпроблема жол мәселесі. Жаңбыр мен қар жауғандажолмен жүру орам тұрғындары үшін қиындайтыныжасырын емес. Олар асфальт төсеп беруді сұраныпжатқан жоқ. Тұрғындар коммуникация толықтартылғаннан кейін жол тегістелетінін түсінеді. Дәлосындай жағдай Абай ауданына қарасты 6 елдімекенде-Солтүстік саяжай-1 , Саяжай -2. Ынтымақ -2 , Тәуелсіздікке — 20 жыл, Жаңаталаппен Игілікте де бар. Көп жылдары шешімінтаппаған мәселенің енді түпкілікті шешілетінінетұрғындар сенімсіздік танытуда. Алайда әкім «Тек сабырлық таныту керек. Қаражат бар. Техника, ресурстар жетеді», деп сендірді.  Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында жақында ғана карантин болған еді. Сондықтан  су құбырларын тартужұмыстары шегеруге мәжбүр болған. Енді уақыттытиімді пайдаланып жұмысқа білек сынаба кірісукерек дейді шаһар басшысы:» Бригада алу керекжұмысты күшейту керек». Егерде мердігер мекеме қала әкіміне берген уәдесінде тұрса, онда биыл күзге дейін аталған елдімекендегі тұрғындардың мәселелері артта қалмақ. Ал, Еңбекші ауданындағы 16 тұрғын алаптың 11-де ауыз су мәселесі бар. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың Бадам-1 тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды. Сондықтан, 2020 жылы аудандағы 2 мыңнан астам абонентке су тарту жұмыстарының жобалық сметасы әзірленіп жатыр. Егер құжат осы жылы дайын болса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүргізілсе 2021 жылы Еңбекші ауданында ауыз су мәселесі толықтай шешімін табады. Бүгінде аудан тұрғындарын сапалы энергиямен қамту 88 пайызды құрайды. Қалғаны жекеменшік жарық жүйесіне тәуелді. Мәселені шешу үшін 2020 жылы 5 мыңнан астам абонентке қуат көзін тарту үшін құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ауданды көгілдір отынмен қамту жағы да Бозарықтағы газ таратушы бекет (АГРС) құрылысының бітуіне қарай 2020-2021 жылдары шешілмек. Мұнан өзге Еңбекші ауданында осы жылы 53 шақырым жол салынады деп күтілуде. Нәтижесінде топырақ жолдарға толықтай тас және асфальт төселеді. «Биыл қалада үлкен жұмыстардың жасалып жатқанын көріп отырсыздар. 2020 жылдан бастап топырақ жол Шымкент қаласында болмайды. Өйткені, өте көп асфальт жолдар салынып жатыр. Биыл үлгермеген жолдардың сметасын дайындап, келер жылы бастаймыз. Үш жыл ішінде бәрін асфальттаймыз»,- деді қала әкімі. Айта кету керек, ауданда 2 мектеп, 2 дәрігерлік амбулатория жетіспеушілігі бар. Бірақ бұл мәселелерді демеушілердің есебінен шешу жағы қарастырылып жатыр.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Әкімдік қызметкері оқушы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

    Фариза

    Есілдің суында 40 минут отырған тұрғынды дәрігерлер алып кетті (видео)

    Фариза

    Қазақстанда бір қолға сатылатын медмаска санына шектеу енгізу әзірленуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.