Қасиетті Рамазан айында сауапты істен құр қалмай, қайырымдылық көрсетіп жатқан бірқатар азаматтар бар. «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустириалды аймағының директоры Рысбек Бертаев қаладағы әлеуеті әлжуаз 400 отбасыға азық-түлік таратты.
Игі шараны ұйымдастыруға «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мен еріктілер де атсалысты. Осыған дейін Шымкент қаласынының кәсіпкерлері бірігіп, өз қаражаттары есебінен әлсіз топ мүшелеріне ақшалай көмек көрсеткен болатын.
Қайырымдылық шарасы жалғасын тауып, Рысбек Бертаевтың демеушілігімен көмекке зәру отбасыларға азық-түлік таратылды. Ерікті жастардың көмегін айтпасқа болмайды. Барлық атқарылып жатқан шарада белсенділік танытып, Жас Отан жастар қанатының мүшелері де қайырымдылыққа өз үлестерін қосуда. Қайырымдылық шараларына үлес қосуды дәсүрге айналдырған жомарт жандар қасиетті Рамазан айында бей-жай қалмайтыны белгілі.
Алдағы уақытта «Біз біргеміз» акциясы аясында көптеген отбасыларға жиі көмек көрсетілмек.
Г. ҚАПАЛ